Түркістанда тойда айтылған “уағызға” қатысты полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
115

Ішкі істер министрлігі Түркістан облысында тойда түсірілген видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері қамтылған бейнежазба анықталды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстан Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқығы мен бостандығының теңдігін қамтамасыз ететінін атап өтті.  

Сондай-ақ сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын ескертіп, заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға берілетінін ескертті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу аудандық соты студенттің әкесіне қатысты оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талап қоюы бойын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...