Трамп АҚШ-тың қарыз алу шегін алып тастауды ұсынды

Фото: РБК

ЖАҢАЛЫҚТАР
139

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік қарыздың шегіне қатысты мәселе шешілмесе, ел қаржылық қиындыққа тап болуы мүмкін екенін айтты. Ол үкіметтің қанша қарыз ала алатынын заңмен шектеу тәртібін жоюды ұсынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

“Егер бұл мәселені шешпесек, ел банкротқа ұшырайды. Бұған дейін мұндай жағдай болған емес”, – деді Трамп.

The New York Times мәліметінше, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2026 жылдың тамызында алғаш рет 40 триллион доллардан асқан. Қазіргі қарыз алу шегі 41,1 триллион долларды құрайды. Болжам бойынша, мемлекеттік қарыз осы межеге 2027 жылдың ақпан немесе наурыз айында жетуі мүмкін.

Қарыз шегіне жеткен соң АҚШ Қаржы министрлігі төлемдерді уақытында жасау үшін уақытша шаралар қолдана алады. Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, АҚШ 2027 жылдың тамызында дефолт қаупіне тап болуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы, Шымкент және Павлодарда есірткі тасымалдады деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды M...