Алматы, Шымкент және Павлодарда есірткі тасымалдады деген күдікпен үш адам ұсталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
41

Алматы, Шымкент және Павлодарда есірткі тасымалдады деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматыда полиция 56 жастағы ер адамнан 220 грамнан астам кетамин тәркіледі. Ал Шымкентте 21 жастағы қала тұрғынынан 500 грамға жуық синтетикалық есірткі табылды.

Павлодарда ұсталған 32 жастағы әйелден 1,5 келіге жуық альфа-PVP және 30 грамдай мефедрон тәркіленді. Полицияның мәліметінше, әйел есірткі тасымалдаушы іздеген хабарландыруды әлеуметтік желіден көріп, есірткіні өткізу үшін Алматыдан Павлодарға келген.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қарашаның алғашқы он күнінде ел бойынша 35 адам ұсталып, 200 келіден астам есірткі тәркіленген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік қарыздың шегіне қатысты мәселе шешілмесе, ел қаржылық қиынд...