23 қарашадағы ауа райы болжамы

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
117

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде нөсер жаңбыр күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болжанбайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Астанада түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Ара-тұра тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 0…+2 °C, күндіз +3…+5 °C шамасында болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с-қа жетеді.

Алматыда бұлт көшіп жүреді, жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағаны түнде +5…+7 °C, күндіз +15…+17 °C көрсетеді. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шымкентте түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +8…+10 °C, күндіз +20…+22 °C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с шамасында болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы, Шымкент және Павлодарда есірткі тасымалдады деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік қарыздың шегіне қатысты мәселе шешілмесе, ел қаржылық қиынд...