Түркістандағы жарылыс: Бір адам ауруханада көз жұмды

Сурет: kozachkov

ЖАҢАЛЫҚТАР
1823

Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылындағы ЖГҚС-та болған жарылыс салдарынан екі адам зардап шегіп, үш адам ауруханаға түскен. Кейін медицина мекемесіне жеткізілген үшеудің біреуі қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ  Ulysmedia.kz -ке сілтеме жасап.

ТЖД ақпараты бойынша, жанармай-газ құю станциясында жарылыс 21 наурыз күні жеңіл автокөліктің жанармай станциясына келіп соғылуынан болған.

Соның салдарынан ыдыстан газ шығып, ол ауамен араласып тұтанды. Өрт жақын жерде тұрған көлікті шарпыды, - делінген хабарламада.

Жарылыстан екі адам оқиға орнында қаза тауып, үш тұрғынды күйік шалды. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті сөндірді.

Кейін Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы медицина мекемесіне жеткізілген үш адамның біреуі қайтыс болғанын хабарлады. Ол 22 наурыз күні көз жұмған. Қалған екеуі хирургия бөлімшесінде ем-дом алып жатыр, жағдайлары орташа. Кеңес алу үшін комбустиолог пен реаниматолог шақырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...