Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова шенді қызметке таға...
Түрмеден қашқан тұтқындар әйелдерді зорлап, оларды тірідей өртеп жіберген
Фото: meduza
Конго демократиялық республикасында Гома қаласындағы Мунзензе түрмесінен сотталған ер адамдар қашып, жазасын өтеп жатқан жүз әйелді зорлап, артынан оларды тірідей өртеп кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Бұл туралы "Би-би-си" БҰҰ ішкі құжатына сілтеме жасап хабарлады.
Тұтқындар 27 қаңтарда Руанда қолдаған "23 наурыз қозғалысы" (M23) тобының көтерілісшілері қаланы басып алғаннан кейін қашып кеткен. Босатылған ер тұтқындар әйелдерге шабуыл жасап, содан кейін түрмені өртеп жіберді. Зардап шеккен әйелдердің көпшілігі қайтыс болды.
The Guardian Гомеде орналасқан БҰҰ бітімгершілік күштері басшысының орынбасарына сілтеме жасап, Вивиан ван де Перрет түрмеден мыңдаған ер адам қашып кеткенін жазады. Мунзенце түзеу мекемесінде барлығы төрт мыңға жуық ер адам мен жүздеген әйел болған.
БҰҰ басшысының жыныстық зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілі Прамила Паттен түрмеде кем дегенде 165 әйел зорланғанын айтты. Ол кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды.
Гома – миллионнан астам халқы бар ірі қала. Оны республиканың шығыс бөлігінде М23 тобының өкілдері басып алды. "Би-би-си" хабарлауынша, қақтығыстар кезінде қала көшелерінде мәйіттер жатқан, ал үйлердің үстінен зымырандар ұшқан. Конго билігінің мәліметі бойынша, қақтығыстар 2000-нан астам адамның өмірін қиды. БҰҰ кем дегенде 900 адам қаза тапқаны туралы хабарлайды.