Қазақстандық “Алатау серілері” тобы түркиялықтарды әуезді әнімен таң қалдырды, деп хабар...
«Неге ешкім айтпайды?»: Павлодарда пойыз астына түскен адам аяғынан айырылды
ЖИ
Павлодарда теміржол вокзалы аумағында адам пойыз астына түсіп, аяғынан айырылды. Оқиға 30 қыркүйекте болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы жағдай туралы Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы жазба жариялаған. Ол оқиға жөнінде ақпараттың неге жарияланбағанына қатысты сұрақ көтерген.
«30 қыркүйекте Павлодардағы теміржол вокзалының аумағында пойыз адамның аяғын кесіп кеткен. Бірақ бұл туралы интернетте ешқандай ақпарат жоқ. Неге?» – деп жазды желі қолданушысы.
Полиция аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ведомство Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге мәліметтер жария етілмейтінін мәлімдеді.
Әзірге зардап шеккен адамның жағдайы мен оқиғаның нақты себептері туралы ақпарат жоқ.