Қазақ поэзиясына ерекше екпін әкелген ақиық ақын Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туға...
Түтін тұрғын үйлерге қарай тарауда: Ақтөбеліктер тағы да тұншығып жатыр
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ақтөбеде қатты тұрмыстық қалдықтардың жаңа полигоны өртенді. Күшті желдің салдарынан өртті сөндіру қиындап, қалың түтін қаланың тұрғын аудандарына жетті, деп хабарлады Мadeniportal.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт Астана ауданының өнеркәсіптік аймағында шыққан. Оқиға орнында 70-тей адам және 30-дан астам техника жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ қызметкерлері, мердігер ұйым мен жергілікті атқарушы органдар тартылған.
Ресми дерекке сәйкес, зардап шеккендер жоқ. «Өртті сөндіруді күшті екпінді жел қиындатты. Қазір өрт ошағы оқшауланды. Оттың таралу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта өртенген аумақтарды су шашып, топырақпен көміп жатырмыз. Бұл жұмыстар толықтай өрт сөндірілгенге дейін жалғасады», – деді Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары Евгений Овчарский.
Ақтөбеде қоқыс полигондарындағы өрт мәселесі жылдар бойы жалғасып келеді. 16 жыл пайдаланылған ескі қалалық полигонда жиі өрт шығып, қышқыл түтін бүгінгідей бүкіл қаланы басып қалатын. Бұған дейін тұрғындар жазда үйлерінде терезе ашу мүмкін емес екенін, ауа түтін иісіне әбден сіңіп кеткенін айтып шағымданған еді.