Астанада жас әйел Калашников автоматын ұстап көшеге шыққан (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
731

Астанада Калашников автоматын ұстаған әйел адам айналасындағы жұртты шошытты. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында оны анықтап, ұстап әкетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оның қолындағы заттың ойыншық автомат екені анықталды.

Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынды.

«Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың алаңдаушылығын тудыратын кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкелетінін ескертеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырамыз», – делінген ПД хабарламасында.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...