Жүрегі 45 минутқа тоқтап қалған ер адам есін жиды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1033

Ұлыбританияда 64 жастағы Стив Далтонның жүрегі 45 минутқа тоқтап қалған. Дегенмен дәрігерлердің үмітсіз болжамына қарамастан, ол есін жиып, толықтай қалпына келген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ el.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға кезінде Далтон қызына көмектесіп, балаларға арналған ойын алаңын салып жатқан. Саябақта жұмыс істеп жүріп, ол кенеттен есінен танып қалған. Жүрек талмасы ұстап қалғанын аңғарған 40 жастағы ұлы дереу алғашқы көмек көрсетіп, 8 минут бойы жасанды тыныс беріп отырған.

Дәрігерлер келгеннен кейін де Далтонды аман алып қалу үшін үш сағат бойы күрескен, алайда нәтиже болмаған. Медициналық бригада оның жүрегі 45 минут бойы соқпағанын айтып, реанимацияның сәтсіз аяқталғанын хабарлаған. Қызы Кейт тіпті әпкесіне хабарласып, әкесінің қайтыс болғанын естірткен.

Алайда ауруханаға жеткізілген соң, Далтон жасанды комаға түсірілді. Дәрігерлер туыстарына:

Тірі қалу ықтималдығы небәрі 2%. Егер тірі қалса да, миына қайтымсыз зақым келуі мүмкін, – деп ескерткен.

Туыстары сол түні үйлеріне қайтып кеткен. Бірақ таңертең медбике науқастың қозғала бастағанын байқап, оны туыстарына хабарлаған. Сол күні Далтон комадан шыққанда бірден туыстарын таныған, ал екі күннен кейін сөйлей бастаған. 

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...