Инспекторларға шабуыл жасаған браконьерлер анықталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3652

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адамдар тобы жасаған адам өлтіру) бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

«Кешенді тергеу іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар барлық адам анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Еске сала кетейік, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында браконьерлер «Охотзоопром» инспекторларына шабуыл жасады. Инспекторлар күдік туғызған автокөлік пен құжаттарды тексергелі жатқанда, браконьерлер қарсылық көрсеткен.

Екі инспектор да ауыр жараланып, Астана ауруханасына жеткізілді. Инспекторлардың бірі кеше кешке көз жұмғаны белгілі болды.

Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Қарағанды облысында инспекторларға шабуыл жасау ісін жеке бақылауына алды.

ortalyq.kz

PESTEL

Лос-Анджелесте 78-ші "Эмми" сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Кештің басты триумфаторы Apple TV+ ұсынғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторын құру мәселесі әзірге тек талқылау және талдау деңгейін...