Ұлттық кітапханада Франция кітап бұрышы ашылды

Фото: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
118

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Франция кітап бұрышының ашылу рәсімі өтті. Жоба Ұлттық кітапхана мен Алматыдағы Француз Альянсының қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кітап бұрышы Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, француз әдебиеті мен мәдениетін кеңінен насихаттауға, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени құндылықтар алмасуын дамытуға бағытталған.

                                             

Кітап бұрышында Францияның тарихы мен мәдени мұрасына арналған басылымдар, француз ақын-жазушыларының классикалық және заманауи шығармалары, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылған әдебиеттер ұсынылған. Жаңа кітап кеңістігі оқырмандарға француз әдебиетімен жақынырақ танысып, Францияның тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматыдағы Француз Альянсы арасында мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім тараптардың мәдени-ағартушылық бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруына, әдеби және мәдени іс-шаралар ұйымдастыруына мүмкіндік береді.

                                               

Сонымен қатар француз тарихшысы әрі зерттеуші Мари Фавероның «Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» атты еңбегінің қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылды.

Зерттеу еңбегінде Алтын Орданың тарихы, оның Еуразия кеңістігіндегі орны мен тарихи маңызы, сондай-ақ Орталық Азиядағы саяси және мәдени үдерістерге ықпалы қарастырылады. Кітаптың қазақ тілінде жарық көруі отандық оқырманға Алтын Орда тарихына қатысты заманауи ғылыми зерттеулермен ана тілінде танысуға мүмкіндік береді.

                                         

Іс-шараға Францияның Алматыдағы Бас консулы, Алматыдағы Француз Альянсының өкілдері, мәдениет және кітапхана саласының мамандары, зерттеушілер мен оқырмандар қатысты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда емханада жұмыс істеген 30 жастағы Думан ауыр соққыдан кейін есін жимастан қайтыс болды. Марқ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ қызы Камила Лукпановаға үйленген inDrive компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Арсен Томский...