Үндістанға заңсыз алтын алып барған үш алматылық қолға түсті

Фото: ria.ru

ЖАҢАЛЫҚТАР
1890

Делиде Алматы бағытында ұшатын рейсте алтын құймаларын алып өтпек болған үш адам ұсталды. Стюардесса олардан күдіктенген, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

 

Үш сағатқа созылған рейс барысында стюардесса жолаушыларға бірнеше рет тамақ пен сусын ұсынбақ болған, бірақ жолаушылар әр жолы бас тартқан. Бірнәрсенің дұрыс еместігінен сезіктенген ол әуежайға хабар берген. Делиге келгеннен кейін жолаушылар ұсталып, олардан жауап алынды, деп жазады news18.com.

Олардың жүгін тексергеннен кейін металл іздегіштер ештеңе таппады, бірақ кейінірек олардың тік ішектеріне жасырылған алтын құймалары бар екені анықталды. Салмағы шамамен 439 грамм болатын жалпы сегіз құйма табылды. Жолаушылар дәл әуежайда қамауға алынды. 

Алматы көлік прокуратурасы контрабандалық тауарды тәркілеу арқылы түскен 100 миллион теңгеден астам қаржыны мемлекет бюджетіне қайтарды.

Бұған дейін Маңғыстау облысында құны шамамен 1,5 миллиард теңгеге бағаланған контрабандалық темекінің ірі партиясы тәркіленген болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...