Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады madeniportal.kz.«Гейдар Әлиев атындағ...
Ұшақтан түсіріп, жауапқа тартуы мүмкін: жолаушыларға маңызды ескерту жасалды
ЖИ көмегімен жасалынған
Көлік министрлігі әуе жолаушыларын ұшақ бортында және әуежайда қауіп төндіретін сөздерді айтудан аулақ болуға шақырды. Олардың қатарында «бомба», «жарылыс», «террорист», «қару», «ұшақты басып алу» секілді сөздер бар, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ведомствоның түсіндіруінше, мұндай сөздер әзіл ретінде айтылса да, авиациялық қауіпсіздік қызметтері оны ықтимал қауіп ретінде қабылдауға міндетті.
Жуырда Алматы – Ақтау рейсінде жолаушылардың бірі «бомба» деген сөз айтқан. Оқиғаға авиациялық қауіпсіздік пен көліктік полиция қызметкерлері араласып, ер адам ұшақтан түсірілген. Салдарынан рейс екі сағатқа жуық кешіккен.
Мұндай жағдайда әуе кемесі мен багаж қайта тексеріліп, арнайы қызметтер жұмылдырылуы, тіпті жолаушылар эвакуациялануы мүмкін.
Министрлік жалған қауіп туралы хабарлау жауапкершілікке әкелетінін де еске салды. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.