Павлодарда орталық жағажайда суға батып кеткен жігіттің денесі табылды

Павлодар ТЖД

ЖАҢАЛЫҚТАР
545

Екі күн бұрын Павлодардың орталық жағалауында суға батып кеткен жігіттің денесін құтқарушылар тапты. Оның денесі Жанауыл ауылының маңынан шығарылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

11 тамыз күні сағат 05:00-де 112 пультіне орталық жағалауда жас жігіттің суға батып кеткені туралы хабарлама түскен. Бейсенбі, 13 тамызда, оны құтқарушылар тапты.

«13 тамызда іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар Жанауыл ауылының маңынан 2007 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды», – деп хабарлады облыстық ТЖД.

Іздеу жұмыстары барысында сүңгуірлер суға 80 рет түскен. Сонымен қатар мамандар қайықтар мен эхолотты пайдаланған.

ӘДЕБИЕТ

Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері Сәке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған 68 жастағы ер адамның мәйіті көлден табылды. О...