Facebook компаниясы әлеуметтік желісінің жаңа дизайнын ұсынды. Бұл дизайн FB5 деп аталады, деп жазад...
«Үшеуі жабылып ұрды»: Алматы облысында 16 жастағы баланың анасы көмек сұрады (ВИДЕО)
коллаж MadeniPortal.kz
Қошманбет ауылында 16 жастағы Бегарысты үш ересек ер адам жабылып ұрды деген ақпарат тарады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға түскен. Ал баланың анасы күдіктілердің қазір бостандықта жүргеніне алаңдап, істің әділ тергелуін талап етіп отыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы белсенді ЖАн Ахмадиев жариялады. Бегарыстың айтуынша, оқиға ол көшеде мал айдап келе жатқан кезде болған. Жасөспірім жол бойында отырған үш ер адаммен сөзге келіп қалғанын айтады.
«Үш аға отырды. Мен көшенің бойымен малымды айдап келе жатқанмын. Ал олар ары қарай айда дегендей сөйледі. Мен де "өзімнің малым" деп жауап бердім. Содан олар жағама жармаса бастады. Біреуі шашымнан жұлып, басымнан ұрды. Ал екіншісі құлағымнан тістеп, түрлі жарақаттар салды», – дейді Бегарыс.
Оқиғадан кейін 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Оның анасы баласына күш қолданды деген азаматтардың бостандықта жүргеніне алаңдаулы. Ол күдіктілер жауапкершіліктен жалтарып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.
Жасөспірімнің жақындары аталған жағдайға құқық қорғау органдары тиісті баға беріп, істің жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етіп отыр.
Әзірге полицияның бұл жағдайға қатысты ресми мәліметі берілген жоқ.