Астанада 300-ге жуық заңсыз мигрант анықталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2146

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 279 шетел азаматы мен 53 қазақстандық анықталды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, көші-қон қызметінің тексеруі барысында 15 жұмыс берушінің шетелдік азаматтарды әкімдіктердің рұқсатынсыз заңсыз жұмысқа қабылдағаны белгілі болды.

Көші-қон полициясының басшысы Ербол Махметовтың айтуынша:

  • 67 шетелдік ел аумағынан шығарылды;
  • Қазақстаннан кету туралы сот шешімін орындаудан жалтарған 11 адам мәжбүрлі түрде шығарылды;
  • Шығу визасының мерзімі өтіп кеткен Нигерия азаматына ӘҚБтК-нің 517-бабы («Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша хаттама толтырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...