... когда большая страна, как больной организм, разрушает самые молодые и сильные свои клетки В...
“Welcome to Көмек”
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Көмек қоғамдық қоры ең алғаш 2010 жылы 10 қарашада құрылған болатын. Көмек бұл – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың еріктілерінен құрылған, жетім балалар мен көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беретін ерікті студенттер бірлестігі.
Бұл ұйымның негізгі мақсаттары, студенттер арасындағы әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек пен қолдауды дамыту, патриоттық сезімді, көшбасшылық қабілетті, экологиялық,эстетикалық негіздерді қалыптастыру, рухани және физикалық тұрғыдан көмек көрсету, жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық көмек көрсету болып табылады.Қазіргі сәтте біздің еріктілер №1 құлағы нашар еститін және мүлдем естімейтін балаларға арналған арнайы мектеп интернаты, №3 Кәусар қыз балаларға арналған мектеп- интернаты, №3 жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған Жанұя мектеп-интернаты, №6 мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты, №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты, Нұр балалар үйі, Sos Алматы балалар қалашығы, Ардагерлер үйі секілді балалар үйі және мектеп-интернаттармен жұмыс жасайды.Біз осы аталған балалар үйлеріне барып, балдармен ойнап, көңілін көтеріп қана қоймай, сонымен қоса сабақтарына көмектесіп, болашақта керек болатын мәліметтермен қамтамасыз етіп отырамыз. Балалар арасында қамқорлық пен мейірімділіктің көрінісі болатын, керемет ортаның жанашырлығын сезінетін Жарқын жұлдыз, Алтын доп секілді әр түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырып тұрамыз. Балалардың бойындағы қабілеті мен дарынын байқап, тамашалап қана қоймай, үлкен сахналардан көрінуіне мүмкіндік жасаймыз.
Шығыстану факультетінің Көмек қоғамдық қоры №1құлағы нашар еститін және мүлдем естімейтін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатымен жұмыс жасайды. Әр апта сайын барып, еріктілеріміз баллардың сабақтарына көмектесіп, жест тілін үйренуде. Сонымен қоса біз 2 ай көлемінде қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізіп, одан түскен ақшаны ДЦП ауруымен ауыратын балалардың еміне береміз. Біздің еріктілер кішкентай ғана жақсылықтың өзі игі бастамаларға арқау болатынына үлкен сеніммен қарайды.
Негізі қаланған күннен бастап ‘Көмек’ үлкен отбасы ретінде жұмыла жүріп көптеген биіктерді бағындырды.Тек қана студенттерден құрала отырып әрқайсысы таланттары мен талаптарын ұштастыра отырып айналасына шесіз мейірім сыйлайды.
Хамарова Жанна, Аударма ісі, 4-курс
Жетекшісі: Маулит Бақытнұр
Әл Фараби атындаығ Қазақ Ұлттық Университетінің
Шығыстану факультеті