Air Astana әуе компаниясы Дубайға рейстерді тағы тоқтатады

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
266

Air Astana әуе компаниясы Дубай бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл Ормуз шығанағындағы және Таяу Шығыс аймағындағы жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданған.

Компания мәліметінше, Дубайға ұшатын рейстер 21 шілдеден бастап 31 тамызға дейін орындалмайды. Ал 21 шілдеге дейінгі рейстер жолаушыларды кері қайтару үшін жүзеге асырылады.

Әуе компаниясы жолаушыларға бірнеше мүмкіндік ұсынды: билеттердің толық құнын сатып алған жері бойынша қайтару немесе сапар күнін кейінге ауыстыру. Сондай-ақ Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау мүмкіндігі беріледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Италияның Битонто қаласының тұрғыны лотереядан 1 миллион еуро (шамамен 540 миллион теңге) ұтып алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелге жасалған қатыгез шабуылға қатысты сот ісі аяқталды. Қылмыстың саралануы қоға...