Жаңа жылдан бастап екі жәрдемақының сомасы артады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
161

ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құжатта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 8,5%-ға индексациялау қарастырылған. Бұл ретте халықтың әлеуметтік төлемдер алатын санатын қорғау ескерілген.

«Ашық НҚА» порталына жарияланған қаулы жобасы 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) – Қазақстанда жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік тәуекелдерден қорғауға арналған қор. Ол жұмыс берушілер мен заңда белгіленген басқа да төлеушілер аударатын әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптасады. 

Қор еңбекке қабілеттілігінен айырылған, жұмыссыз қалған немесе асыраушысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдер береді. Сондай-ақ жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы асырап алуға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған азаматтарға төлем жасайды.

МӘСҚ төлемдері мемлекеттік бюджеттен берілетін жәрдемақылардан бөлек және олардың мөлшері азамат үшін төленген әлеуметтік аударымдар мен заңда белгіленген есептеу тәртібіне байланысты анықталады.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді отбасының табысына қа...

PESTEL

Пәкістанның солтүстік-батысында жекеменшік мектеп шатырының опырылуы салдарынан кем дегенде 34 бал...