Шерзат Болат ісіндегі негізгі куәлар мен айыпталушылар сот алдында жауапталып болды. Енді тек тарапт...
Шұғыл: Дональд Трампқа оқ атылды (Видео)
Фотосурет CNN
4615
АҚШ-тың бұрынғы басшысы және қазіргі президенттікке кандидат Дональд Трампқа Пенсильвания штатында сөз сөйлеу кезінде оқ атылды, деп хабарлайды madeniportal.kz
Дональд Трампқа қастандық сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 18:15 шамасында (жексенбі, Астана уақытымен 04:15) жасалды.
Бұл оқиға Пенсильвания штатының Батлер қаласында оның кездесуі кезінде орын алды. Хабарланғандай, оқ жақын маңдағы ғимараттың шатырынан снайпермен атылған.
CNN мәліметтері бойынша, қастандық жасаушыны оқиға орнында құпия қызмет қызметкерлері атып өлтірді.
Қазіргі уақытта Дональд Трамптың өміріне ешқандай қауіп жоқ екені атап өтілді.