Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Қызылордада сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушыға 17 млн теңге жинап берді

Фото: коллаж inbusiness.kz

Жаңалықтар
345

Қызылорда қаласында сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жасар қызға еріктілер 17,9 млн теңге жинап берді. Бұл туралы қоғам белсендісі, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz

Ол оқушы мен анасы үшін қанша қаражат жиналғанын және ол ақша қалай жұмсалып жатқанын Instagram парақшасында бөлісіп, қаражаттың қайда жұмсалып жатқанын көріп отыруға болатынын да айтып өтті. 

Қыздың таксидегі ақшасы, қонақ үйдегі  броны, билетінен басқа олар 100 мың теңгені НеМолчи қорына аударған. Қызын күнде ауруханаға апару үшін анасына тағы 100 мың теңге аударған және оқушы қызға 200 мың теңгеге шпиц тұқымды күшік сатып алып берген. Тағы 100 мың теңгені азық-түлігіне аударған.

Айтбектің айтуынша, бас аяғы 17 млн 984 мың 909 теңге жиналған.  Оның 922 мың теңгесін жұмсап үлгерген.

Сондай-ақ, кестедегі шығындар күн сайын жазылып отырады. Сонымен қатар кез келген адам оны қарап, сұрақтарын да қоя алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылордада 16 жасар қызды жезөкшелікке итермеледі деген күдікпен мектеп оқушыларына қатысты қозғалғанын жазған болатынбыз. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...