Жаңа жылды 60 мыңға жуық адам пойызда қарсы алады

Фото: ИИ/Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1765

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды қарсы алады, деп хабарлайды madeniportal.kz Tengritravel.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның пойыздары жұмысын жалғастырады. Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды жолда қарсы алады. Осы мерекелік күні жолаушылар арасында ең танымал бағыттар - Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей және Алматы-Семей.

Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1774 жолаушылар вагонының жолсерігі, жалпы саны 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді.

"Жолсеріктер арасында Жаңа жылды жыл сайын пойызда қарсы алатындар бар. Дәстүр бойынша түнгі сағат 00:00-де олар жақындарына қоңырау шалып, құттықтау сөздерін айтады. Содан соң, отбасысы жіберген жаңа жылдық суреттерді қарап отырып, жанұясының жылулығын сезінеді. Бұл сәттер олардың мерекелік көңіл-күйін сақтап, алға жетелейтін ерекше естеліктерге айналады", - делінген "Жолаушылар тасымалы" хабарламасында. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...