Жаңаөзендегі мұнай нысанында құбыр жарылды (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
181

Жаңаөзендегі №4 теңіз сорғы станциясының аумағында құбырда ақау пайда болып, соның салдарынан су бұрқақтап атқылай бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Апат 27 сәуір күні шамамен сағат 15:15-те болған. Зақым «Өзенмұнайгаз» компаниясының мұнайды дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасына қарасты диаметрі 1020 мм болатын шығару құбырында тіркелген. Мамандардың мәліметінше, құбырда тесік пайда болып, сол жерден қысыммен су атқылай бастаған. Оқиға туралы жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті органдарға бірнеше сағаттан кейін, яғни 18:24-те хабарлаған.

Ақаудың пайда болу себептері әзірге анықталған жоқ. Қазіргі уақытта апат толық жойылды, зардап шеккендер жоқ.

Экология департаментінде бұл жағдай бойынша зертханалық-талдамалық бақылау мамандары қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізіп жатқанын қосты. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жоспардан тыс тексерулерден кейін Алматы қалалық орталық ауруханасына медициналық жабдықтарды пайдал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атақты продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлад...