Кипрдегі супермаркетте қазақстандық әйелге бірнеше рет пышақ сұғылды

Фото Kibris Postasi

ЖАҢАЛЫҚТАР
183

22 жастағы Қазақстан азаматы Солтүстік Кипрдегі Никосия қаласындағы супермаркеттердің бірінде болған пышақ шабуылынан кейін аса ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға дүкеннің ішінде болған

Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиға 3 тамыз күні сағат 11:45 шамасында Metropol Marketсупермаркетінде болған. Әзірге кім екені анықталмаған ер адам белгісіз себеппен бойжеткенге шабуыл жасап, оған бірнеше рет пышақ сұққан.

Шабуылдан кейін күдікті сол пышақпен өзін де жаралаған. Екеуі де шұғыл түрде доктор Бурхан Налбантоглуатындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізіліп, қазір дәрігерлердің бақылауында.

Қылмыстың нақты себебі әзірге ресми түрде анықталған жоқ. Полиция тергеуді жалғастырып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Солтүстік Кипрдің бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдікті зардап шеккен қыздың бұрынғы жігіті болуы мүмкін. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен қазақстандықтың есімі – Жанерке Әбдіразақова, жасы – 22-де. Ол шабуыл салдарынан ауыр пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде Қазақстан азаматымен болған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап, жергілікті құзырлы органдармен байланыста жұмыс жүргізіп жатыр. Ресми ақпарат түскен сайын қосымша мәлімет беріледі», – деп хабарлады министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, жағдай министрліктің бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық жастар күніне орай «Қала сенен басталады» деген ұранмен өтіп жатқан, 20 мың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Президентінің кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлығын іске асыру аясын...