Жәнібек Әлімханұлына қатысты WBO күтпеген жазба жариялады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
746

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген даниялық Якоб Бэнктің алдағы жекпе-жегіне назар аударды. Екі спортшы екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

WBO әлеуметтік желідегі ресми парақшасында алдағы кездесудің афишасын жариялап, жанкүйерлерге сауал жолдады.

«Бұл шайқаста кім жеңіске жетеді?» – деп жазды ұйым.

Жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді деп жоспарланған. Боксшылар екінші орта салмақтағы WBO ұйымының бос тұрған чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Бұған дейін бұл атақ британдық Хамза Ширазға тиесілі болған.

Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл жаңа салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесу болмақ. Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте 17 рет жеңіске жеткен. Оның 12-сінде қарсыластарын нокаутпен ұтқан.

Ал Якоб Бэнк осы уақытқа дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 11-і мерзімінен бұрын аяқталған.

Осылайша, екі боксшы да әлем чемпионы атағы үшін маңызды кездесуге дайындалуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әзербайжан астанасы Бакуде 23 жастағы суретші Гүляра Мехтиева пышақ жарақатынан ауруханада көз жұмды...