Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Фото: ernur.kz

Жаңалықтар
210

29 қазанда «қыз зорлады» деген айыппен айыпталған бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Әнару Құрманәлі мен Жанқош Тұраров ісі бойынша алты жыл бойы зорлық көрген қыздың әкесі Қалдібек Құрманәліге хабарласқан едік. Ол денсаулығына байланысты адвокатқа сілтеді. 

«Адвокатымызбен байланысқа шығыңыз», — деп жауап берді.

Адвокаттың айтуынша, іс тоқтатылғанын ғаламтордан білген

 «20 қазанда істің тоқтағанын кеше сайттан біліп отырмыз. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де – бұл факт. Бастапқыда істі қысқартуға тырысып жатыр ма деген күдік болды, себебі тергеуде еш шара қолданылған жоқ!», — деді адвокат.

Адвокат Ляззат Ахатова Facebook парақшасында істің мән-жайын айтып, заттай дәлелдердің жоғалғаны туралы бөлісті. Арыз жазылғаннан кейін қыздың үйінен Тұраровтың сүртінген сүлгісі, жастық тысы, іш киім сияқты заттар тәркіленген еді.

«Сол заттар жоқ, хаттамасы да жоқ. Биологиялық сараптама жасалуы керек деп өтініш жаздық. Еш әрекет жасалмады. Зорлықшының тері сіңген заттарды жоғалтып жіберген», — деп жазды адвокат.

Шағым беру үшін істің тоқтағаны туралы қаулы әлі берілмеген.

«Өңкей күшіне сенгендер, артында үлкен қолдауы барлар заңды белден баса берсе, құқықты мемлекеттің құны қанша?», — деді заңгер. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...