Лиссабонда өткен ойында қазақстандық команда 4:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Полиция формасын киіп видеоға түскен блогер ұсталды
ашық дереккөз
439
Астанада Justice Adilet лақап атымен танылған блогер Әділет Қаликеев полиция қызметкерінің киімін киіп түскен видеосынан кейін құқық қорғау органдарына жеткізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Полицияның мәліметінше, блогерге қызметтік форманы заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделген. Сонымен қатар оның әлеуметтік желіде жариялаған видеолары полиция қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіргені көрсетілген.
Қазіргі уақытта жиналған материалдар соттың қарауына жолданып, іс бойынша шешім сотта қабылданады.