Түркістанда ер адам 75 жастағы қарияны балтамен ұрып өлтірген

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1185

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында ауыр қылмыстық оқиға тіркелді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

39 жастағы шетел азаматы тұрмыстық кикілжіңнен кейін 75 жастағы зейнеткерге балта қолданған. Қақтығысқа егде жастағы адамның су беруден бас тартуы себеп болған.

Қарияға шабуыл жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарына өзі хабар берген.

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде оның психикалық жағдайы тұрақты емес екені анықталып, бас бостандығынан айырудың орнына арнайы психиатриялық мекемеде емделу туралы шешім шығарылған.

Дегенмен марқұмның туыстары бұл шешіммен келіспей, апелляциялық арыз берген. Іс жақын арада қайта қаралады деп күтілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...