№2 Балалар музыка мектебі – Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» дом...
Жахан Отарғалиев көптен күткен жаңалығын айтты
ашық дереккөзі
Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде көпшілікті елең еткізген видео жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ол өзін 2020 жылдан бері әке ретінде сезінетінін айтып өтті.
«Менің қызым бар. 2020 жылы ең үлкен арманым орындалғандай болды — Медина деген қыз өмірге келді. Шынымды айтсам, бұрын жастықтың желігімен көп нәрсеге мән бермей жүре беріппін. Ал Медикошым пайда болғаннан кейін жауапкершілік дегеннің не екенін, әкелік мейірімнің қандай болатынын анық сезіндім. Әке болуға деген ынтам бұрынғыдан да күшейді. Медикоштан кейін “өзімнің де қызым болса екен” деген тілек тіпті арта түсті.
Қазір кейбіріңіз түсінбей отырған шығарсыздар: Медикош — менің туған інімнің қызы. Тек құжат жүзінде ғана менікі болып жазылған. Қазақы дәстүрмен інім мені кіндік әкесі ретінде таңдады. Айтпақшы, есімін өзім қойып, тұсауын да өзім кестім.
Бұл өмірде байлыққа, олигархтарға қызықпаймын. Қызы бар әкелерге қызығамын. Өйткені қызы бар әке — нағыз бақытты адам. Шүкір, мен бақытты көкемін. Енді Алла маған “әке” деген сөзді естуді нәсіп етсін», — деп жазды актер.
Желі қолданушылары оған жылы лебіздерін білдіріп, «Алла қаласа, тілегіңіз орындалсын», «Бәрі жақсы болады», «Сүйінші сұрайтын күнге жетіңіз», «Бұйырсын» деген пікірлер қалдырған.