Көлсай көлдерінде жасөспірімді жылан шағып алды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
252

Алматы облысындағы Көлсай көлдері ұлттық паркі аумағында 16 жастағы қызды жылан шақты. Зардап шеккен жасөспірімге құтқарушылар мен дәрігерлердің көмегі қажет болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері әмбебап құтқару бекетінде жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Одан кейін қыз қызметтік автокөлікпен әрі қарай ем қабылдау үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЖМ жылы мезгілде жыландардың белсенділігі артатынын еске салып, демалушыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Құтқарушылар туристерге белгіленген бағыттардан шықпауға, демалатын орынды мұқият тексеруге, жыландарға жақындамауға және оларды ұстауға әрекет жасамауға кеңес береді.

Егер жылан шаққан жағдайда, мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгініп, оқиға туралы 112 нөміріне хабарлау қажет.

Бұған дейін Ақтау тұрғындары Шаңырақ тұрғын үй кешені маңында жорғалап жүрген ірі жыланды видеоға түсірген болатын. Мамандардың бағалауынша, бұл адамдар үшін аса қауіпті саналмайтын төртжолақты сарыбас жылан (полоз) болуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

65 жастан асқан қазақстандықтар несиені енді онлайн ала алмайды. Олар несие алуға өтініш беру ү...