2021 жылдың 22 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында “Ауыл” Халықтық-демократиялық патриотт...
«Өмір мен өлімнің арасында»: Қайрат Нұртастың концертінде тапталған қыздың жағдайы ауыр
ЖИ
Шымкентте танымал әнші Қайрат Нұртастың концертінде көпшілік арасында қысылып, жарақат алған 18 жастағы бойжеткен жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Информбюро жазды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға концерт кезінде адамдардың шамадан тыс шоғырлануы салдарынан болған. Көпшілік арасында қысылып қалған бойжеткен жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Оқиға 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен «Сахнада 20 жыл» концертінде болған. Зардап шеккен қыздың туысы әлеуметтік желіде жұрттан көмек сұраған.
«Адамды құлатып, өлім аузына жеткенше таптайтындай қалай сонша қатыгез болуға болады? Менің бауырымды не үшін ұрып, таптадыңыздар? Ол алты сағаттан бері жансақтау бөлімінде, өмір мен өлімнің арасында жатыр. Қазір бізге өте ауыр. Өтінемін, аман қалсын деп дұға етіңіздерші», – деп жазды туысы.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы да бойжеткеннің ауыр жағдайда екенін растады.
«11 қазан күні таңертең науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Дегенмен жағдайында аздаған жақсару бар. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Науқас мамандардың бақылауында», – деп хабарлады басқарма.
Оқиғаның нақты мән-жайы мен зардап шеккендердің жалпы саны туралы толық ақпарат әзірге жарияланған жоқ.