Жазира мен Жанболат Аралда дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
724

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жалғыз ұлына екінші мәрте той жасағанын айтты.

Әншінің сөзінше, мерекелік шара Арал өңірінде, өзінің туған жерінде өткен. Тойда үлкендердің батасы алынып, ағайын-туыс, көрші-қолаң және достар бас қосып, қуанышқа ортақтасқан.

«30 күн ойын, 40 күн той – бұл береке мен шаттықтың нышаны. Аллаға шүкір, Аралға барып, туған жерде әсем той өткіздік. Баршаңызға алғыс айтамын!» – деп жазды ол.

Сонымен қатар әнші көпшілікке ізгі тілегін білдіріп, әрбір шаңыраққа бақыт, береке және молшылық тіледі.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...