Тарихшы Оспан Нышанұлы, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев жүзге кірмейтін рулар туралы сөз...
Мәдениет және ақпарат министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Дәулетұлы Тоқтағұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ержан Тоқтағұлов 1992 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы мемлекеттiк басқару академиясын, Халықаралық көлiктiк-гуманитарлық университетiн бітірген.
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
2015 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында бас маман, сарапшы болып жұмыс істеді.
2018–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы.
2019 жылы — «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ Сарапшылардың шығындарын орнына толтыру орталығының директоры.
2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті БАҚ саласындағы бақылау басқармасы басшысының м.а., басшысы.
2020–2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы – Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
2021–2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы.
2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаментінің директоры болып жұмыс істеді.