ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи Әміржан Қосановпен жақын араласпайтынын айтты, деп ха...
Зейнетақы қорынан «тіс емдеу» үшін 46 млрд теңге шешкен үш жігітке іздеу жарияланды
Фото: Әбілқасым Есентаев
Қаржы мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиника ашып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы «артық» ақшаны шешкен үш азаматқа іздеу жариялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Дәлірек айтсақ, Қаржы мониторинг агентті мына үш азаматқа іздеу жариялап отыр:
- Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
- Иманбаев Ғаббас,18.05.1998 ж.т.
- Елешев Есимхан Баяндыұлы, 11.09.1987 ж.т.
«Аталған азаматтар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген. Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген», - деп хабарлайды ҚМА.
Іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген азаматтар Қаржылық мониторинг агенттігіне мына нөмір бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: +7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім.
«Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі», - деп хабарлайды ҚМА.