Семейде ер адам сауда үйінен 25 мың теңгенің шоколадын ұрлап кетті

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
304

Семей қаласында сауда үйлерінің бірінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ұрлық фактісі бойынша полицияға арызданды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Арызданушының айтуынша, белгісіз ер адам сауда залынан 43 дана шоколадты ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 25 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол – бұған дейін сотталған 48 жастағы қала тұрғыны. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ұрланған тауар тәркіленді.

Оқиға орнынан бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынды. Аталған факті бойынша ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

65 жастан асқан қазақстандықтар несиені енді онлайн ала алмайды. Олар несие алуға өтініш беру ү...