“Жеңімпаз болдыңыз”: Оралда алаяқтар ұсталды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1999

Оралда «Ұтыс ойынында жеңімпаз болдыңыз»,- деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Күдікті өзін әлеуметтік желіде лотерея компаниясының өкілі ретінде таныстырып, ұтысты алу үшін алдын ала қаржы аудару қажеттігін айтқан. Бес адам алаяққа сеніп, 140 мың теңге жіберген. Сондай-ақ, «Киберпол» қызметі жоқ пәтерді жалға берген тағы бір интернет-алаяқты ұстады. 40 жастағы тұрғын мобильді қосымшаға хабарландыру жазып, пәтерді жалға алушылардан алдын ала төлем сұраған. Ақша түскеннен кейін олардың нөмірлерін бұғаттаған. Қазір 7 эпизод бойынша тергеу басталды. Полиция осындай алаяқтарға алданған тұрғындар болса, 102-ге хабарласуын сұрайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...