«Жеңіс» шыңында қайтыс болған альпинист әйелдің шатырының жаңа видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
900

Қырғызстан альпинистер федерациясының жетекшісі ресейлік спортшы Наталья Наговицынаның қаза тапқанын растады және құтқару жұмыстарының толық тоқтатылғанын хабарлады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

2 қыркүйекте Instagram-дағы жазбасында федерация басшысы «Жеңіс» шыңынан дрон арқылы түсірілген бейнематериалды жариялады. Оның айтуынша, ұшқышсыз құрылғы альпинист әйелдің жатқан жерін жан-жақты түсіріп тексерген.

«Өкінішке қарай, Наталья Наговицынаның тірі екендігін көрсететін ешқандай белгі табылмады. Осыған байланысты құтқару әрекеттері тоқтатылды. Бұл қасіретті жағдайды қабылдауға мәжбүрміз. Дроннан алынған барлық бейнемазмұн Натальяның баласына жеткізіледі», — деп жазды ол.

Сонымен бірге қырғыз тарап альпинисті құтқару үшін барлық мүмкіндікті қарастырғанын атап өтті. Алайда биіктіктің күрделілігі, ауа райының қолайсыздығы, тікұшақтың қона алмауы және құтқарушылардың физикалық шектеулері табысқа жетуге кедергі болған.

Айта кетейік, «Жеңіс» шыңында 7200 метр биіктікте әлі күнге дейін бірде-бір құтқару жұмысы сәтті аяқталмаған. Федерация өкілі құтқарушылардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын да ерекше атап өтті.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...