БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссм...
Маңғыстауда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, 1 адам қаза тапты
Фото: Видеодан кадр
Жол-көлік апаты кеше сағат 13:30 шамасында Батыр мен Қызылтөбе-2 ауылдарының арасындағы трассада болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.
Жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы (ПАЗ) соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Ал, автобуста 4 жолаушы мен кондуктор болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі (көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
— Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілді, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір апаттың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.