Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Коммерс қаласында (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде қарсыласын 4...
20 жастағы студентті қатігездікпен өлтірген жеті адам ұсталды
Ашық дереккөз
808
Омбыда 20 жастағы студентті өлтірді деген күдікпен жеті адам ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
21 маусым күні Александр Т. үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бірнеше күн бойы іздеген студенттің мәйіті бес күннен кейін Сыропят тас жолының маңынан табылды. Оның денесінен пышақ жарақаттары анықталған.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер студентті алдын ала алдап шақырып, бос жерге апарған. Сол жерде қол-аяғын байлап, бірнеше рет пышақтап, тастап кеткен.
Құқық қорғау органдарының айтуынша, қылмыс алдын ала жоспарланған. Күдіктілер қылмысқа қажетті заттарды сатып алып, өздеріне алиби де дайындаған.
Қазір жеті күдікті де ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.