Жолаушылар ұшағы дронмен соқтығысты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
618

АҚШ-та JetBlue әуе компаниясының Лас-Вегастан Нью-Йоркке бағыт алған Airbus A321жолаушылар ұшағы қонуға жақындаған сәтте дронмен соқтығысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға жерден шамамен 900 метр (3000 фут) биіктікте, жергілікті уақытпен таңғы 07:15 шамасында болған. Ұшқыш әуе қозғалысын басқару қызметіне дрон ұшақтың кабинасының дәл үстіңгі бөлігіне тигенін хабарлаған.

Соған қарамастан экипаж төтенше көмек сұрамаған. Ұшақ Нью-Йорктегі Джон Кеннеди халықаралық әуежайына (JFK) сәтті қонып, барлық жолаушы қалыпты түрде түсірілді. Кейін әуе кемесі техникалық тексеруден өткізілгенімен, мамандар ұшақтан ешқандай зақым немесе соқтығыс іздерін анықтамаған.

Оқиғаның мән-жайын АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) тергеп жатыр. Ведомствоның мәліметінше, елдегі әуежайлардың маңында ай сайын дрондардың заңсыз ұшқаны туралы жүзден астам хабарлама түседі. Мұндай әрекет ұшақтардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді және заң бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салынуы немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...