Қазақстандық оркестр Италияда өнер көрсетіп, көрерменді тәнті етті

дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
605

Рим қаласындағы атақты «Teatro Palladium» сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің камералық құрамы өнер көрсетіп, италиялық көрерменге әлемдік классика бағдарламасын ұсынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Рим сахнасында кеш бағдарламасын Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті скрипкашы Айман Мұсахадажаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Дүйсенбаев, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары Жібек Мусургалиева, Рахиль Мұсақожа және Далер Далишев ұсынды. Іс-шара барысында әлемдік музыка классиктері Э. Григ, А. Вивальди, К. Сен-Санс, Ф. Крейслер, Ж. Массне, П. Сарасате, К. Дженкинс, сондай-ақ қазақстандық композитор А. Серкебаевтың шығармалары орындалды.

Кеш ерекше атмосферада өтті. Көрермендер концертті жылы қабылдап, музыканттардың шеберлігі мен классикалық музыканың заманауи стильде орындалуына жоғары баға берді. Рим қаласында өткен бұл концерт Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени алмасудың маңызды үлгісіне айналып, мұндай іс-шаралардың халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайтуға және қазақстандық өнерді шетелде кеңінен танытуға елеулі үлес қосатынын айқындады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінің тікелей атсалысуымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...