Жолсерік пойызда баланың өмірін құтқарып қалды

Фото: ҚТЖ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1554

Жолсерік пойызда баланың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Келес станциясында шекаралық-тексеру кезінде Ташкентке емделуге бара жатқан 9 жасар Ярослав Ч. есімді жолаушы баланың жағдайы күрт нашарлаған. Оның денесі құрысып, дереу медициналық көмек қажет болған.

Пойыз жолсерігі Қуатбек Дәуілбаев баланың жағдайының күрт нашарлағанын байқап, бірден алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ол баланың тілінің артқа кетуінің алдын алып, басын дұрыс қалыпқа келтіріп, тыныс алу жолдарын ашық күйде ұстаған. Жолсеріктің білікті әрі жедел әрекетінің арқасында баланың жағдайы тұрақталып, оның өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік туды. 

Пойыз бастығы жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырған. Келес станциясына пойыз келгенде, медициналық топ дайын болып күтіп тұрған. Ярослав дереу Ташкент қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...