2026 жылы Рамазан қашан басталады? Қазақстанда келесі жылға арналған діни күндер кестесі бекітілді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
5888

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде анықталған.
Мамандардың айтуынша, жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты күндері көрсетілген уақыттан бір күнге шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

🕌 2026 жылғы негізгі діни күндер

▪️ Рамазан айы — 19 ақпанда басталады.
▪️ Қадір түні (Ләйләт әл-Қадр) — 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні.
▪️ Ораза айт — 20 наурыз.
▪️ Құрбан айттың бірінші күні — 27 мамыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни мерекелер күндері айдың шығуына (жаңа айдың көрінуіне) қарай өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...