“18 жасқа кіші”: Екі рет ажырасқан актер тағы да үйленуге ниетті екенін айтты

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1873

Актер Дәурен Айдарқұлов оқырман сауалына жауап беріп, тағы да үйленуге ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Әйеліңіз өзіңізден 18 жасқа кіші болса, қалай қабылдар едіңіз деген оқырман сауалына актер оң көзқараспен жауап берген.

«Ол бұрынғыдан да жасырақ көрінуге мүмкіндік береді», — дейді актер.

Желі қолданушылары Айдарқұловтың бұл жауабына түрлі пікір білдірді.

«Екі әйелің де тамаша адамдар еді. Өзіңде барды бағала», «Бұған жап-жас қыз тиеді деп ойлап отыр ма», «Екі рет ажырасып, бірінші әйелінің көзіне шөп салған», «Мынау тағы да әйел алмақшы ма», «Сізге бұл тақырыпты қозғамаған жөн», — деп жазды олар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...