Алматыда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 65 қазақстандыққа айыппұл салынды, деп хабарлайды maden...
Жүкті әйелдерге 425 мың теңге төлене ме? — министр түсіндірді
Жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға 425 мың теңге төленуі мүмкін.
Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасына осындай норма енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов егер заң жобасына енгізілген өзгертулер қабылданса, онда жүкті әйелдерге 425 мың теңге төленетінін растады. Бірақ бәріне бірдей емес, тек жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға ғана.
Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасында жүкті әйелдерге ең төменгі жалақының он еселенген мөлшері шамасында төлем төлеу туралы норма қарастырылған.
Сондай-ақ, Біртановтың айтуынша, халық денсаулығы туралы жаңа кодекс аясында азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр.
«Өкінішке қарай, қазір азаматтар өз денсаулығына салғырт қарайды, көп жағдайда дәрігерлердің араласқанын күтеді. Бірақ, тым кеш болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан шаралардың дені профилактикаға, соның ішінде, вакцинацияға бағытталған», — деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Заң жобасында, тіпті, денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу де қарастырылған.
«Біз ана мен баланың денсаулығына бағытталған шаралар кешенін ұсынуды жөн көрдік. Атап айтсақ, оларды дер кезінде есепке тұруға ынталандырғымыз келеді. Сондай-ақ, уақытында есепке тұрмайтын, дәрігерге қаралмайтын, екпеден бас тартатындар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсындық», — деді ведомство басшысы.
Қазір бұл ұсыныстардың барлығы талқыланып жатыр.