Баланы тұншықтырған тәрбиеші: Балабақша басшысы мәлімдеме жасады

Фото: Видеодан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1835

Алматыда басы дауға қалған “Ахляк” балабақшасы жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Madeniportal.kz

Еске салайық, өткен аптада тәрбиешінің баланы тұншықтырғаны қоғамды дүр сілкінткен еді. 4 жасар баланы тұншықтырды деп айыпталған тәрбиеші жұмыстан қуылып, орталық директорына айыппұл салынған.

Бүгін кәсіп иесі Амина Юсупбаева халықтан кешірім сұрап, әлеуметтік желіге бейнежазба жариялады.

Ол қызметкерінің әрекетін қолдамайтынын айтып, тергеу жұмыстарына көмектесетінін жеткізген.

Балабақша қожайыны Амина Юсупбаева тергеу басталғаннан кейін әлеуметтік желідегі барлық аккаунттарын жауып, тек өзіне оң пікірлер қалдыруға болатын бір парақшаны ғана ашық қалдырған.

“Тергеу барысында барлық аккаунттарымды жабуға тура келді. Айтар сөзім жоқ болғандықтан үнсіз отырған жоқпын, жай ғана алгоритмдер іске қосылып, ақпараттық қысым басталғанын көріп тұрмын. Қазір әр сөзім бұрмаланып жатыр”, – деп жазды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...