СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың елге қайтарылуына қатысты мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

ЖАҢАЛЫҚТАР
987

Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл туралы POLITICO.KZ жазды.

Вице-министр қазіргі таңда Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға әлі жеткізілмегенін мәлімдеді.
Министрліктің дерегінше, оны елге қайтару бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда нақты қандай шаралар қабылданып жатқанын Ашықбаев ашып айтпады.
«Қарамағымда болмағандықтан қандай шаралар қолданылып жатқанын нақты айта алмаймын. Жазбаша сауал жіберсеңіздер, ақпарат беретін боламыз. Әрине, ол Қазақстан Республикасының азаматы болғаннан кейін бұл мәселе ұдайы бақылауда. Үмітіміз бар, бірақ қаншалықты жүзеге асатынын уақыт көрсетер», – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Чандрапур округінде жолбарыстың шабуылынан төрт әйел қаза тапты. The Indian Express басылымының мәлі...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі күйеубаласы жайлы жазба жариялады, деп хаба...