Талдықорғанда Бикен Римова атындағы облыстық драма театрдың жаңа ғимараты ашылды.Көрермендер залы 51...
«БӨГЕНБАЙТАНУШЫ» ДИЛЕТАНТ БӨРІБАЙДЫҢ «ЕРТЕГІЛЕРІ» (1-бөлім)
Фото: Автордан
Кез келген надандықтың ортақ кемшiлiгi – өзiңбiлмейтiннiң бәрiн жоққа шығару.
Марк Аврелий
Белсенді надандықтан асқан қорқынышты ештеңе жоқ!
И.В. Гете
Сөз басы
Соңғы жылдары мерзімді басылым беттерінде, әлеуметтік желілерде, интернет порталдарында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аумағындағы Бөкенбай шоқысына қатысты туындаған пікірталас соңы үлкен дау-дамайға ұласуда. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші, талас-тартысқа түскен шоқыны отандық тарихнамада табын Бөкенбай Қарабатырұлының есіміменбайланыстырып келсе, кейінгі кездері шекті Бөгенбай Жапалақұлына телуге ұмтылған ой-пікірлер легі алға шығуда. Осыған байланысты2024 жылы 19 қыркүйекте Алматыдағы Ұлттық кітапханада тарихшы, фольклортанушы жәнеөлкетанушылар бас қосқан ғылыми кеңесте бұлмәселе кеңінен талқыға түсті. Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының шақыруымен біз де сол жиынға қатысып, «Бөкенбайтанудағы таңдақтар: тарихнамалық һәм деректанулық талдау» деген тақырыпта баяндама жасадық. Презентациядатарихи деректерді жүйелі түрде ретімен көрсетуге тырыстық. Кейін кеңес хаттамасына тіркелген сөзіміздің қысқаша түйінімен танысқан ақтөбелік Б. Кәртеннің «madeniportal.kz» порталына «Исмурзиннің ғылымға жат әдепсіздіктері» деген«мақаласы» жарияланды (29.10.2024). Онда аталған мәселе мен сол кезеңге қатысты «Алтай батыр және оның заманы» атты зерттеуіміздегі дәйекті ой-тұжырымдарды негізсіз теріске шығаруды көздегенавтордың қисынсыз қиялына сай, біз бәрін «бұрмалаппыз». Шындығында солай ма? Ендеше,біраздан бері елді шулатумен келе жатқан Б. Кәртеннің «ақиқат», «шындығымен» оқырман қауым толық танысу үшін тақырыпты түп-тамырынан тартып, тарам тармаққа бөліп тарқатыпталдауды, жан-жақты саралап, кеңінен баяндаудыжөн көрдік.
Тұлғатанудағы түйткілдер
Еліміздің ақпарат кеңістігінде ара-тұра есімдері ұқсас тарихи тұлғалар төңірегінде әр түрлі пікірталастар бой көрсетіп қалады. Солардың қатарында Бөкенбай мен Бөгенбайлар да бар. Ол атақты батырлардың бір заманда өмір сүріп, ныспылары мен тағдыр-талайының белгілі бір ұқсастығымен қатар туған елі мен жерін қалмақ-жоңғар басқыншылығынан азат ету жолындағы ортақ күреске өз үлестерін қосумен байланысты.Сол кезде бүкіл күш-жігерді сыртқы жауға қарсы жұмылдырып, бірлесе тойтарыс беру үшін Қарақұмда құрылтай шақырылған. Ол туралы құнды дерек қалдырған Я.Г. Гавердовскийжазбасын әрқилы зерделеген кеңестік авторларқұрылтайда Керей Бөгенбай, Шақшақ Бөгенбай, Қанжығалы Бөгенбай, Табын Бөкенбайбатырлардың қолбасшы болғанына тоқталып, ортақ тұжырымға келе алмады. Бұл көзқарас тәуелсіздік тұсында жалғасып, солардың сапына Шекті Бөгенбай қосылды.
Міне, осы тұлғалардың тарихы таңбаланған жазбалар деректанулық тұрғыдан тиянақты талданып тәпсірленбестен бір-бірінің атына телініп, оның соңы біраз қателіктердің орын алуына әкелді. Соның салдарынан бірыңғай ұстаным қалыптаспауда. Себебі, тарих ғылымының өзіне тән әдіснамалық қағидалары ескерілмейжаңсақ пайымдарға жол беріліп, тарихи шындық бұрмалануда. Тайға таңба басқандай құжаттық деректер зерттеушілердің өзіндік мүддесіне сай көпе-көрінеу қолдан өзгеріске түскен соң жалған пікірлер алға шығып, ол өз кезегінде халықтышатастырып, мәселені одан әрі шиеленістіруде.
Сондықтан атақты батырлардың ғұмырнамасының түйткілді тұстарын ғылыми тұрғыдан саралау – олардың саяси келбетіне көлеңке түсіріп, бірінің бәсін биіктетіп, екіншісінің еңсесін төмендету емес, керісінше тұлғалардың тағдыр тарихын тануда есім-сойының ұқсас болуына байланысты орын алған олқылықтардыңаражігін ажыратып, кеткен кемшіліктерді анықтап, оған түзету енгізу арқылы ақтаңдақ беттерді жаңаша зерделеу екенін ерекше атап өту ләзім. Өйткені, «тарих белгілі бір тарихи тұлғаны дәріптеу, ал екінші біреуін даттау, табалау үшін жазылмайды. Егерде ол осы міндетті атқару тұрғыдан жазылса, онда ғылым болудан қалмақ. Тарих үшін ең биік нысана – ол өмір ақиқаты. Ал бұл нысанадан шығу, әрине, жеңіл-желпі нәрсе еместігін» әрдайым есте ұстағанымыз абзал [Қойгелдиев М.Қ. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (XVIII – XX ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: Жалын, 2004. 121-б.].
Шекті Бөгенбай кім?
Шежіре бойынша Бөгенбай Шектінің Қабақ бөлімінен. Ата-тегі «Бөлек – Айт – Қабақ – Жангелді – Жапалақ – Бөгенбай» болып өріледі. Бүгінде ұрпақтары бар. Сондықтан оның өмірде болғанына ешкім шәк келтірмейді [Толыбеков С. Қазақ шежіресі. – Алматы: Қазақстан, 1992. 96-97 бб.; Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. – Алматы:Атамұра – Қазақстан, 1993. 123-124 бб.; Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Қаракесек бірлестігі (Әлім, Кете, Шөмекей). Т. 13. 4-кітап. – Алматы: «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, 2010. 160, 166, 169, 173 бб.; https://tumalas.kz/shejire-view-large/].
Кіші жүздегі қабырғалы қалың ел – Шектіден белгілі би, батырлар көп шықты. Оның бір тармағыТілеуқабақ тайпасы туралы С. Толыбеков: «Айттан Қабақ, Тілеу. Бұл екі атаның ұрпақтарын ел, бір ру есебінде тілеуқабақ деп атап кеткен. Тілеуқабақсаны көп, батырлар көп шыққан жауынгер ру болған», - деп анықтайды [Толыбеков С. Қазақ шежіресі. – Алматы: Қазақстан, 1992. 96-б.]. Мәселен, шектінің ұранына шыққан атақты Бақтыбай батыр – Қабақтың немересі. Сол тұстағытанымал тұлғалар тарихы архив жазбаларына тіркеліп, деректік құжаттарға қатталған. 1731 жылы күзде Ресей елшісі М. Тевкелев келген кездегі қазақ-орыс келіссөзіне Шекті Сәңкібай би (Бөлек – Бұжыр – Назар – Сәңкібай) қатысып, Кіші жүздің беделді билері мен батырлары атынан араб қарпімен жазылған түпнұсқа хатқа: «Алшын Шекті руының ағакесі, Құран өбтім, ант еттім, мен – Сәңкібай би таңбамды салдым», - деп шектінің таңбасын басқан [РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1732, 2-іс, 45-п., Исмурзин Ж.А. Алтай батыр және оның заманы. – Ақтөбе: «Хабар-Сервис», 2023. 152-б.].
Сондай-ақ, тілмаш М. Тевкелевтің 1731-1732 жылдары Кіші жүздегі сапары баяндалатын күнделік журналында шектінің біраз би, батырлары бар. 1732 жылы наурызда Бақтыбай батыр И.Г. Гербер бастаған орыс керуенін тоқтатып, Кете Тәңірберді, Жаппас Баймұрат батырлармен бірге келіссөзге қатысқан. Ол туралы И.Г. Гербер «Багтыбай батыр, на службе у Абулхаир хана» деп анықтайды. Мұны 1731 жылдың күзінде М. Тевкелевпен бірге қазақ даласына келіп, 1732 жылы 5 қаңтарда Арал теңізі маңынан қазақ елшілерін ертіп Ресейге аттанған башқұрт Қыдрастың жазда кеңесші П.В. Курбатовқа: «...Бақтыбай батыры біз боламыз, жақсы кісі дүр. Ол кісілер Әбілқайыр ханның қол астындағы кісілер дүр», - деп араб қарпімен жазған түпнұсқа хаты да растайды. Бұл мәліметті Әбілқайыр ханның елшісі Бақа батыр мен Нұралы сұлтанның елшісі Шақа батырдан сұрап білген. Ал прапорщик Муравин 1743 жылы 24 ақпанда Бөлекшора шектіден Бақтыбай батыр бастаған қазақтардың төменгі қалмаққа баруға жиналғанын естіген. Кейін 1748 жылы 5 қазанда Нұралыны хандыққа бекітуге ұсыныс жасаған шекті Бақтыбай би (Бөлек – Айт – Қабақ – Төлес – Бақтыбай), Мөңке би (Бөлек – Айт – Тілеу – Мөңке) және Айдаралы билер (Бөлек – Айт – Қабақ – Жангелді – Айдаралы) Бөгенбайдың аталастуыстары, немере ағайыны. Сол секілді 1749 жылы шілдеде Орынбор маңында Нұралыны хандықтаққа бекіткен ұлықтау рәсіміне Сағындық би, Бақтыбай би, Байжан би, Бәйімбет батыр, Қошқарбай батыр, Ожанбай батыр, Толыбай батыр, Жаңабай бай, Қарабас батыр секілді шектінің игі жайсаңдары қатысады [РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1732, 1-іс, 124-п.; РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1733, 1-іс, 40-42 п. е.ж., 59-60 п. е.ж., 72-п. е.ж., 73-76 п. е.ж.; ОрОБМА. 3-қ., 1-т., 18-іс, 177-п. е.ж., 181-п. е.ж.; ОрОБМА. 3-қ., 1-т., 22-іс, 103-103 п. е.ж.; РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1749, 4-іс, 177-п. е.ж., 178-178 п. е.ж.; Материалы по истории Казахской ССР (1741-1751 гг.) / Под ред. М.П. Вяткина. Т. 2. Ч. 2. – Алма-Ата: Изд. АН Каз ССР, 1948. с. 49, 261; Казахско-русские отношения в XVI – XVIII веках(Сборник документов и материалов) / Сост.: Ф.Н. Киреев, А.К. Алейникова, Г.И. Семенюк, Т.Ж. Шоинбаев. Под ред. В.Ф. Шахматова, Ф.Н. Киреева, Т.Ж. Шоинбаева. – Алма-Ата: АН КазССР, 1961. с. 59-60, 64-65, 68-70, 89, 280, 410;История Казахстана в документах и материалах: Альманах. Вып. 2. / Ред. кол. Л.А. Абдирасилова, И.В. Ерофеева, Б.Т. Жанаев (отв. ред.). – Астана: ТОО «Общество инвалидов – Чернобылец», 2012. с. 131-132; История и культура Атырау в русскихисточниках (XVIII – ХХ вв.). Т. 1. / Сост. М.К. Кипиев // Науч. ред. Ж. Шалгынбай. – Атырау: ИП«Сисенгалиев ЖМ», 2014. с. 59; Исмурзин Ж.А. Алтай батыр және оның заманы. – Ақтөбе: «Хабар-Сервис», 2023. 388, 409-410 бб.].
Көп ұзамай 1749 жылы 3 тамызда өткенӘбілқайыр ханның асына шектінің 30-дан астамсаяси элитасы келген. Астағы атақты старшындардың қатарында Шектінің бөлекшорабөлімінен Табылды би (Бөлек – Бұжыр – Жекей – Бұғыбай/Бұқалай – Табылды), Бақтыбай би (Бөлек – Айт – Қабақ – Төлес – Бақтыбай), Толыбай мырза Сәңкібайұлы (Бөлек – Бұжыр – Назар – Сәңкібай – Толыбай), Оразғұл би (Бөлек – Бұжыр – Шүрен – Жарты – Оразғұл), Ожан би (Бөлек – Бұжыр – Шүрен – Жарты – Ожан), Қошабай мырзалар (Бөлек – Бұжыр – Жекей – Бұғыбай/Бұқалай – Табылды – Қошабай) көзге түседі [РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1749, 4-іс, 246-п.; Исмурзин Ж.А. Алтай батыр және оның заманы. – Ақтөбе: «Хабар-Сервис», 2023. 411-413 бб.].
Өкінішке қарай, сол дәуірдегі архив құжаттарының арасынан Бөгенбай Жапалақұлынақатысты деректер әзірге кездеспеді. Ол туралы алғашқы мәлімет О. Әділбаевтың мақаласынан бастау алады. Ұрпақтарының аузынан жеткен ақпаратқа арқа сүйеген шалқарлық Оразбай ақсақал (1937-2024) бүй дейді: «Ол Шектінің Қабақ руынан шыққан Жангелді аталығының Рубасы атағын алған – Бөгенбай атамыз. Ел аузында төрт Жангелді деген ұғым бар. Жангелдінің өз үш балаларын – Рай, Жапалақ, Айдаралыларды атамай, Құттыбай, Құдас, Бөгенбай, Таласбай – деп атайды. ...Бөгенбай батыр атамыздың өмір сүрген уақыты Еділ қалмақтарының қайтқан кезеңіне тура келеді. Бөгенбай батыр атағы Шектінің ұранына айналған Бақтыбай батырмен замандас, Жоңғар соғысының барлық шайқастарының арасында болған адам. Бөгенбай батырдың шамамен туған уақыты 1700-1705 жылдарға, ал өлген уақыты 1755-1760 жылдарға сәйкес келеді. Егер аталық арасын орташа 30 жылдан алсақ, Қабақты шамамен 1610-1615 жылдар, Тілеуді 1630-1635 жылдар туған деп жобалап жүрміз. Егер Қабақтан Жангелді, одан Жапалақ, одан Бөгенбай десек, туған жылы 1700-1705-ке тура келеді. Бөгенбай батыр шамамен 60 жасқа жақындағанда қайтқан қалмақтармен соғыс соғыста Ырғыз маңында қайтыс болған». Оның айтуынша, қалмақпен арадағы соғыста ауыр жарақаттанып, Ырғыздың оңтүстік батысында, шамамен 40-45 шақырым жердегі үлкен шоқының түбінде жан тапсырған Бөгенбай батырдың сүйегін сарбаздары сол шоқының басына жерлеген. Сол кезден бастап, ол «Бөгенбай шоқысы» аталған. Бұл қозғалыс тарихта «Шаңды жорық» атын қалдырған [Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым].
О. Әділбаевтың осы тұжырымы іле-шала өзге де еңбектерге енді. Сол жылы жарық көрген энциклопедиялық анықтамалықта «Бөгенбай – тау. Құрылыс ауылының оңтүстігінде 16 км жерде, Ырғыз ауданында. Абсолюттік биіктігі 240 м. Ру атынан қойылған атау» делінсе [Жеріңнің аты – Еліңнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. 86-б.], келесіекі энциклопедиядағы мәлімет: «Шоқының басында Жангелді аталығының ру басы, Шектінің батыры Бөгенбай батыр (шамамен 1700-60 ж. өмір сүрген) жерленген», - деп Оразбай ақсақалдың пікірін сөзбе-сөз қайталады [Қазақстан табиғаты. Энциклопедия. Т. 1. А – Е. / Бас ред. Б.Ғ. Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС,2008. 272-б.; Атамекен: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. 160-161 бб.].
Бір қызығы, «Қазақстан табиғаты»энциклопедиясындағы осы жазбаны О. Әділбаев(Қабақ Бақтыбай) кейін 2016 жылы А. Мухамбетулин (Қабақ Қарабас), Ж. Асан (Қабақ Өмір) атты авторлармен бірге «Ақтөбе» газетіне жариялаған «Бөгенбай шоқысы» мақаласында толығымен келтіреді де, «Бұл – ғалымдар ұжымының сан қайтара тексеріп, талқылап, екшеуінен өткен ғылыми тұжырым. Қазақша айтқанда, «сөздің тоқетері», «даудың төрелігі».Бөгенбай атамыздың тікелей ұрпақтарының бірі Мүсіркегенов Рахметулла деген азамат атасының басына белгі қоюды парызым деп жүр. Міне, бұлтартпас нақты дәлелі табылды» деген қорытынды жасайды [Әділбаев О., МұхамбетулинА. Асан Ж. Бөгенбай шоқысы // Ақтөбе. – 2016. – 4 мамыр. https://aqtobegazeti.kz/?p=39214]. Сонда2006 жылы О. Әділбаевтың «Шежірелі өлке» газетіне шыққан «Шектінің Бөгенбай батыры»мақаласынан 2008 жылы энциклопедияға сөзбе-сөз көшкен мәлімет қалайша «ғалымдардың ғылымитұжырымы», «нақты дәлел» болмақ?! Мәселен, өз мақаласында О. Әділбаев «Бөгенбайдың өмір сүрген уақыты Еділ қалмақтарының қайтқан кезеңіне тура келеді», «Бұл қозғалыс тарихта «Шаңды жорық» атын қалдырған» деп көрсету арқылы 1771 жылғы оқиғаны меңзеп отырғаныанық. Бірақ, соған қарамастан Бөгенбайдың «өлген уақыты 1755-1760 жылдарға сәйкес келеді» депқателік жіберген. Осыдан соң мұны «ғалымдардың ғылыми тұжырымы» деуге келе ме? Себебі, кез келген тарихшыға «Шаңды жорық» оқиғасының 1771 жылы болғаны белгілі ғой.
2016 жылдан бастап бөгенбайтану үрдісініңқарқыны күшейіп, жаңаша сипат алды. Оның нақты көрінісі ретінде шоқының тұсынан өтетін тас жолдың бойына Шекті Бөгенбайға арналған белгі тас қойылды. Сол бұрындағыдай «Қазақстан табиғаты» энциклопедиясының «құнды» дерегі«Бөгенбай батыр тұлғасын айқындау жолындағы бағалы құжаттар» болып саналды [Әділбаев О.,Сәңкібаев М. Шекті Бөгенбай батырға белгі тас қойылды // Шалқар. – 2016. – 3 қараша. – № 41]. Ал ондағы мәліметтің шынайылығына сол кездіңөзінде-ақ жергілікті жұрт күдік-күмәнмен қарады. Оның үстіне, шоқының маңына ешқандай ғылыми негізі жоқ ескерткіш тұрғызу ырғыздық азаматтардың наразылығын туғызды[Сәрсенбайұлы Н., Өтеміс Р., Әттиев М. Бөкенбай батырды тонау немесе тарихымызды түгендегенде, жеткен жеріміз осы ма? // Ақтөбе. – 2016. – 28 қазан. https://aqtobegazeti.kz/?p=46486].
«Бөгенбайтанушы» Бөрібай
Міне, осы кезде «сол бүйірден келіп қосылған Тайлақ батырдың сарбаздары» секілді Б. Кәртен де«бөгенбайтану» кампаниясына білек сыбана кірісіп кетті. 2017 жылдан бері осы мәселені қайта-қайта қаузап, қайбір тұсын аз-кем толықтырғанмен негізгі өзегі, басым бөлігі бірін-бірі қайталайтын 13«мақала» арнаған [Кәртен Б. Таласқа түскен Шекті Бөгенбай шоқысы // Шалқар. – 2017. – 10 наурыз;Кәртен Б. Таласқа түскен Шекті Бөгенбай шоқысы // Атажұрт тарихының парақтары. – Ақтөбе: «Ақжар-АБК», 2019. 92-б.; Кәртен Б. Таласқа түскен шекті Бөгенбай бидің шоқысы // https://adyrna.kz/ index.php/post/52132. – 2020. – 2 қараша; Кәртен Б. Шоқы кімге тиесілі: Бөкенбай батырға ма, әлде Бөгенбай биге ме? // Қазақ әдебиеті. – 2021. – 30 сәуір. – № 18; Кәртен Б. Таласқа түскен шоқы мен 1710 жылғы Қаракесек жиыны // Ақиқат. – 2022. – № 10. – қазан. 62-68 бб.; Кәртен Б. Таласқа түскен шоқы мен 1710 жылғы Қаракесек жиыны // https://e-history.kz/kz/news/show/33 8886. – 2022. 18 қараша; Кәртен Б. Дәлелсіз өжектей беру – парықсыздық! // Facebook желісіндегі жазба. – 2024. – 1 мамыр; Кәртен Б. Бөгенбай шоқысы мен Айырқызыл құмын кімдер қоныс қылғанын білеміз бе? // Айқын. – 2024. – 30 тамыз; Кәртен Б. 1710 жылғы Қаракесек жиыны: бұрмаланған ақиқаттар // https://zhasalash.kz/ news/1710-zhilgi-karakesek-zhiini-burmalangan-akikattar-6 94f3c/. – 2024. – 15 қыркүйек; Кәртен Б. Исмурзиннің ғылымға жат әдепсіздіктері // https://madeni portal.kz/article/11966. – 2024. – 29 қазан; Кәртен Б. Шоқының атауы жергілікті дауға себеп болды // https://adyrna.kz/post/218681 – 2024. – 10 қараша;Кәртен Б. Бөкенбайдың батырлығы жалған деректерге құрылған // https://halyqline.kz/qogam/tarih/boekenbajdyng-batyrlyghy-zhalghan-derekterge-qurylghan/. – 2025. – 7 ақпан; Кәртен Б. Ерофееваның ғылымдағы бейбастақтығы // https://turaninform.kz/?p=13739. – 2025. – 15 сәуір; http://kerey. kz/?p=14337. – 2025. – 20 сәуір]. Оның «нақты бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп жазған зерттеу еңбектерімен» егжей-тегжейлі танысқанда ертегілер әлемінде жүргендей күйге енесің. Өйткені, «бөгенбайтанушы ғұлама»өзінің ойдан тудырған өтірік қиялымен қисынсыздүниелерді қолдан құрастыруға әбден төселіп,машықтанып алған. Сондықтан тарих ғылымыныңәдіснамалық қағидаларынан мақұрым дилетант үшін тарихты бұрмалау күнделікті қалыпты жағдайға айналған. Қазақша сөздікте «дилетант – ғылым иә өнерді үстірт біліп істейтін адам» десе, орыс тілінде «тот, кто занимается наукой или искусством без специальной подготовки, обладая только поверхностными знаниями» дейді. Одан кейінгі мына анықтама тура Бөрібайдың болмысына, Кәртеннің тірлігіне тән: «Дилетантизм, или дилетанство (от итал. dilettante ← лат.delectation «увеселение, забава») – занятие какой-либо деятельностью (например, наукой, искусством, ремеслом) без должных знаний и профессиональной подготовки. Дилетант не имеетглубоких знаний о предмете своих занятий, поэтому допускает ошибки. Как правило, это человек, ограничивающий масштаб познаний собственным опытом, или суждения которого в отношении чего-либо основаны на поверхностных познаниях» [https://spiritual_culture.academi c.ru/671/Дилетантизм].
Себебі, осында көрсетілгендей Б. Кәртеннің детарихи тақырыпқа қалам тартқанымен арнайы кәсіби білімі жоқ. Соған қарамастан өзінен сұрағандарға еш қысылмастан «Тарихшымын. Дипломым бар» деп кеудесін керіп, өтірікті судай сапыруда [Ержан Қаратамыр Аппазұлы. Ырғыз жері. Бөгембай шоқысы. 1954 жылы түсірілген фото // Facebook желісіндегі жазба соңындағы Б. Кәртеннің пікірі. – 2024. – 28 сәуір]. Ол алғашындаАлматы қаласындағы республикалық эстрада-цирк өнері студиясында білім алып, кейін 1991-1997 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институтында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын сырттай оқыған. 2010 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратура бітірген. 2022-2024 жылдары Ақтөбе облыстық халық шығармашылық орталығында«Фестивальдер мен байқаулар жөніндегі маман»болып қызмет еткен. Осыдан соң оның цирк сахнасында қойылым қойғандай әлеуметтің көңіліне ойнап, қисынсыз қиялмен құйқылжыта көркем шығарма жазғандай емін-еркін көсілуінтүсінгендей боласың. Бүгін былай десе, ертең сол жазғанына еш қиналмастан қайтадан өзгеріс енгізіпқырық құбылады. Ғалымдардың пікірлері ментұжырымдарын өзіне икемдеп алады да, соған сайөз өтірігіне суарылған жалған пайымдарын ешұялмастан елге ұсынады. Яғни, тарихи манипуляция (жалғандық, қулық жолымен фактілерді ауыстыру) арқылы ғылыми зерттеулердіашықтан-ашық қаралайды.
Тарихи еңбектерден пайдаланған архив құжаттарын өзі іздеп тапқандай етіп дереккөзге тікелей сілтеме жасай салуды тұрақты әдетке айналдырған. Өзі отырып жұмыстанбаған соңөмірінде көрмеген Ресей архивтерінің атауын қате жазады. Өзіне қажет кез келген деректі қолдан иіп, өңін айналдырып, теріске шығару да түк емес.Ғылыми зерттеулердегі мәліметтің керек тұстарын ғана кесіп алып, өзінің долбарына қайшы келетін мәтіннің жалғасын әдейі көрмеген кейіп танытып тастап кетуде үйреншікті әдісі. Бұған дейін басқатақырыпқа қалам тартқанда сол тәсіліне салған. Белгілі қаламгер А. Өмірзақ айтқандай, «Б. Кәртенөзіне «керек» деректерді ғана пайдаланып, басқасытуралы ләм демейді» [Өмірзақ А. Facebookжелісіндегі пікірі. – 2022. – 20 желтоқсан]. Сөйтіп,«жұртты ақымақ ету үшін бар деректі жасырады»[Қайрулла К. Жанашырлық па, жалақорлық па? (Б. Кәртен мен Н. Жанамановқа жауап) // https://e-history.kz/kz/news/show/. – 2022. – 12 желтоқсан; Жусипов К. Faceebok желісіндегі жазба. – 2022. – 28 желтоқсан]. Олай болса, Бөрекеңнің соған бойы үйреніп, болмысы дағдыланып кеткен. Өзге деавторлар оның біржақтылыққа салынып, көптеген қателіктер жіберетінін ашық айтады.
Демек, алдына қойған мақсат-мүддесіне сай келмесе, ол үшін дерек пен дәйекке негізделген тарихтың құны көк тиын. Ғылымның дәлелді қажет ететінін ескермейді, анығында ескергісі келмейді. Осылайша бірнеше жылдан бері ғалымдардыңеңбектерін негізсіз жоққа шығарып, деректерді қасақана бұрмалап, қолдан тарих жасау арқылы «бөгенбайтанушы» дилетант елдің көңілін екіұдай етіп, халықты әбден шатастырып, мистификацияға(әдейі қателестіру, алдау, адастыру) жол беруде. Өздәуірінде қағазға түсіп, архив құжаттарынақатталған жазбаларды ойдан түзген өтірік қиялымен әдейі бұрмалау арқылы Әбілқайыр хан,Бөкенбай батыр, Есет батыр секілді тарихи тұлғаларға тіл тигізіп, ашық қаралауда. Өткенге құрметсіздік көрсету арқылы ой-өрісі тар шеңберден шыға алмай, тарихи танымның таяздығына қарамастан дүбәра дүниелерін жүйеліжариялаумен ел арасына сына қағып, лаң салуда. Қарапайым оқырман оның тігісін жатқызып, құрақ көрпедей қиюын келістіре құраған қиял-ғажайып ертегілерін еріксіз тарихи шындық ретінде қабылдауы мүмкін. Бірақ, Бөрекең оған бас қатырмайды. Өйткені, бүгінгі ел-жұрт пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен жұрдай дәлдүріш үшін ол әдеттегі әуен. Сондықтан, «Өз заманында қолжетімді тарихи материалдар жиынтығын салыстырмалы талдау арқылы нақты тарихи фактілер мен қоғамның тарихи даму заңдылықтарын анықтауға тырысатын нағыз ғалымнан миф жасаушының айырмашылығы мынада. Миф жасаушы үшін оның жұмысының мақсаты тек біржақты таңдалған тарихи дереккөздер мен олардан алынған бірлі-жарымтарихи фактілер негізінде бұрын жасалған немесе алдын ала таңдалған тарихи сұлбаның дұрыстығын «дәлелдеу» үшін нақты ғылымнан тыс мақсаттар мен мүдделерге қызмет ету немесе жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуінің әдеттегі тәсілі болып табылады» [Ерофеева И.В. События и людиКазахской степи (эпоха позднего средневековья и нового времени) как объект историческойремистификации // Научное знание и мифотворчество в современной историографииКазахстана / Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин, И.В. Ерофеева. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. с. 158].
Өмірбаянға енген өтірік
Бірін-бірі қайталайтын алғашқы төрт«мақаласында» Б. Кәртен Шекті Бөгенбайдың өмір сүрген уақытын XVIII ғасырдың басы мен XVIII ғасырдың екінші жартысы деп шамалайды. Онданегізінен Бөкенбай шоқысын Шекті Бөгенбайдың еншісіне өткізуге басымдық берілген [Кәртен Б. Таласқа түскен Шекті Бөгенбай шоқысы // Шалқар. – 2017. – 10 наурыз; Кәртен Б. Таласқа түскен Шекті Бөгенбай шоқысы // Атажұрт тарихының парақтары. – Ақтөбе: «Ақжар-АБК», 2019. 91-б.;Кәртен Б. Таласқа түскен шекті Бөгенбай бидің шоқысы // https://adyrna.kz/index.php/post/52132. – 2020. – 2 қараша; Кәртен Б. Шоқы кімге тиесілі: Бөкенбай батырға ма, әлде Бөгенбай биге ме? // Қазақ әдебиеті. – 2021. – 30 сәуір. – № 18]. Ал «Ақиқат» журналына шыққан кезекті бесінші шимайында бұрынғы ой-пікірін өзгертіп, XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысының аралығына апарады. Аяқ астынан бұлай түлен түртуіне не себеп болды десек, бұрынғы төрт шатпағында тек шоқы ғана тілге тиек етілсе, енді оған 1710 жылғы Қарақұм құрылтайын қосып, сондағы Бөкенбай батырдың үндеуін Шекті Бөгенбайдың атына телуге байланысты екен [Кәртен Б. Таласқа түскен шоқы мен 1710 жылғы Қаракесек жиыны // Ақиқат. – 2022. – қазан. – № 10. 63, 65-66 бб.; Кәртен Б. Таласқа түскен шоқы мен 1710 жылғы Қаракесек жиыны // https://e-history.kz/kz/news/ show/338886. – 2022. – 18 қараша].
Бастапқы төрт шимайында құрылтай жайлы сөз болмағасын тұлғаның туған уақытын XVIII ғасырдың басымен байланыстырып, оған соншакөңіл бөлмеген. Ал енді жаңа шатпағында солай қалдырайын десе, құрылтайдың уақыты мен Шекті Бөгенбайдың дүниеге келуінің арасы тым жақындап кетпек. Сондықтан оны шешудің тиімді жолы ретінде тұлғаның туған кезін XVII ғасырдың соңына ысыра салған. Бірақ, бұл да мәселенітүбегейлі шешпейтін. Себебі, ол уақыт Қарақұм құрылтайындағы Бөкенбай батырдың: «Сия брадаеще не украсилась сединою, как я багрил руки своив крови неприятелей», - деген сөзіне сәйкескелмейді. Ендеше тағы да өзгерту қажет. Дилетант үшін ол да қиындық туғызып, кедергі келтірмейтін.Өз өтірігін қалайда шындыққа айналдыру үшінсоңғы бес шимайында түк қысылмастан төтесінен тура тартып, құрылтай кезінде Шекті Бөгенбайдың жасы 60-тың шамасында екенін топшылайды да,«алпыстың төңірегіндегі Шекті Бөгенбай батыр екені анық боп тұр!» деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Одан соң «1715-1717 жылдар аралығында өткен шайқаста Бөгенбай алпыстың орта маңында (65-67) қаза тапқан сияқты» десе,кейін «Шайқас 1717 жылдар шамасында өтіп, Бөгенбай алпыстың орта маңынан өте қаза тапқан сияқты. Нақты дерек болмағандықтан әрі не бері сәл-сәл ғана ауытқуымыз мүмкін, бірақ шамамыз – дұрыс», - деп бір қайырады [Кәртен Б. 1710 жылғы Қаракесек жиыны: бұрмаланған ақиқаттар // https: //zhasalash.kz/news/1710-zhilgi-karakesek-zhiini-burmalangan -akikattar-694 f3c/. – 2024. – 15 қыркүйек; Кәртен Б. Шоқының атауы жергілікті дауға себеп болды // https:// adyrna.kz/p ost/218681. – 2024. – 10 қараша; Кәртен Б. Бөкенбайдың батырлығы жалған деректерге құрылған // https://halyqline.kz/ qogam/tarih/boekenbajdyng-batyrlyg hy-zhalghan-derekterge-qurylghan/. – 2025. – 7 ақпан; Кәртен Б. Ерофееваның ғылымдағы бейбастақтығы // https://turaninfo rm.kz/?p=13739. – 2025. – 15 сәуір; http://kerey.kz/?p=14337. – 2025. – 20 сәуір].
Бұдан ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ұғыныпкөр! Әр «мақала» сайын бір адамның туған жылын түлкі бұлғаңға салып бірнеше рет түрленуінен не түсінесің?! 5-10 жыл болса бір сәрі, жарты ғасырдан астам уақыт еншісіндегі ауытқуға еш қиналмайды. Көркем шығарма кейіпкерінің бейнесін сомдаушы қаламгердей еркін көсіліп,қажет мәліметті сол сәтте жанынан шығара салады.Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу үшін дәйек пен дерек іздеп бас ауыртпайды. Егерде келешекте әрі ысырып не бері жылжытып жатса оған еш таңғалмаңыз. Себебі, кез келген деректі еш ойланбастан өз өтірігіне икемдей салу – ол үшінқалыпты үрдіс. «1717 жылғы шайқасқаБөгенбайдың баласы Тінәлі, немересі Қарабекқатысқан. Сонда ұлының жасы 40-тың төңірегінде, немересінің де ат жалын тартып, азамат болған кезі, 20-ның ояқ, бұяғында» екен. Өзі айтқандай, «Шынымен сол рас болса, ол архивтік деректермен, басқа да тарихи құжаттармен куәландырылуы тиіс дер ек. Әжем айтты, атам айттымен емес. Құр долбармен емес» [Кәртен Б. Таласқа түскен шоқы мен 1710 жылғы Қаракесек жиыны // Ақиқат. – 2022. – № 10. – қазан. 68-б.].
Сонымен Б. Кәртеннің «шамамыз дұрыс»дейтін есебіне салсаң, Шекті Бөгенбай (1717 – 65-67 = 1650-1652) 1650 жылдың шамасында, баласы Тінәлі 1677 жылдың төңірегінде, немересі Қарабек 1697 жылдың маңында дүниеге келген болып шығады. Ал оны өзге еңбектермен салыстырсақ, біраз қарама-қайшылық байқалады. Шекті Бөгенбайға алғаш қалам тартқан О. Әділбаев оның өмір сүрген уақыты Еділ қалмақтарының қайтқан кезеңіне тура келетінін, Шектінің ұранына айналған Бақтыбай батырмен замандас екенін, шамамен 1700-1705 – 1755-1760 жылдары өмір сүргенін айтады [Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым]. Соңыра Бөгенбай батыр шамамен 1700-1760 жылдары өмір сүрген деген бұрынғы пікірін тағы қайталады [Әділбаев О., Мұхамбетулин А., Асан Ж. Бөгенбай шоқысы // Ақтөбе. – 2016. – 4 мамыр.https: //aqtobegazeti.kz/?p= 39214].
Б. Кәртен Бөгенбай қаза табатын шайқас туралы мәліметті ұрпақтарынан алдым дегенімен, бұл оқиғаны алғаш рет қағаз бетіне түсірген О. Әділбаев еді. Сол жазбамен салыстырсақ, сөйлемдердің құрылымы сәл-пәл өзгергеніменойдың өзегі бірдей. Себебі, бір оқиға сипатталады. Бірақ, болған уақыты екі түрлі. Осы шайқасты О. Әділбаев Еділ қалмақтарының қайтуымен, яғни 1771 жылғы «Шаңды жорық» кезеңімен байланыстырса, өз пікірін бірнеше мәрте өзгерткен Б. Кәртен 1717 жылға тоқтауда. О. Әділбаев мақаласындағы «Ол қарттардың айтулары бойынша, бейқам отырған Қабақ елін қайтқан қалмақтар шауып, бір-жар адамдарын өлтіріп, көп малдарын айдап кеткен» [Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым], - деген сөйлемді Б. Кәртен: «Шектілердің аузында сақталып, осы күнге жеткен деректерде тынышы жоғалған бір заманда қалмақтар елдің шет жағында отырған ауылға тұтқиылдан тиіп, адамдарды тұтқынға алады, малдарын айдап кетеді», - деп баяндайды [Кәртен Б. Бөгенбай шоқысы мен Айырқызыл құмын кімдер қоныс қылғанын білеміз бе? // Айқын. – 2024. – 30 тамыз; Кәртен Б. 1710 жылғы Қаракесек жиыны: бұрмаланған ақиқаттар // https: //zhasalash.kz/news/1710-zhilgi-karakesek-zhiini-burmalangan-akikattar-694f3c/. – 2024. – 15 қыркүйек; Кәртен Б. Бөкенбайдың батырлығы жалған деректерге құрылған // https://halyqline.kz/qogam/tarih/boekenbajdyng-batyrlyghy-zhalghan-derekterge-q urylghan/ – 2025. – 7 ақпан; Кәртен Б. Ерофееваның ғылымдағы бейбастақтығы // https://turaninform.kz/?p=13739. – 2025. – 15 сәуір; http://kerey.kz/?p=14337. – 2025. – 20 сәуір]. Алайда сілтеме бермейді. ОлБөгенбайдың баласын Тінәлі десе, О. Әділбаев Тінбай атаған. Шежіреге Тінбай деп енген.
Б. Кәртеннің бастапқы төрт шатпағында Шекті Бөгенбайдың өмір сүрген уақытын XVIII ғасырдың басы – XVIII ғасырдың екінші жартысымен байланыстыруы осы О. Әділбаевтыңтұжырымынан туындаған. Бірақ, кейін ШектіБөгенбайды қалайда Қарақұмдағы құрылтайға қатыстыру үшін түрлі құйтырқылыққа салып, туған жылын әрі қарай бірнеше рет ысырады. Себебі,алғашқы басылымдарда Қарақұм құрылтайы туралы бірауыз сөз жоқ. Мүлдем айтылмайды. Ол кездегі басты мақсат – Бөкенбай шоқысын қайткенде Бөгенбайдың еншісіне өткізуге бағытталды [Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым; Әділбаев О., Мұхамбетулин А. Асан Ж. Бөгенбай шоқысы // Ақтөбе. – 2016. – 4 мамыр.https://aqtobegazeti.kz/ ?p=39214; Кәртен Б. Таласқа түскен Шекті Бөгенбай шоқысы // Шалқар. – 2017. – 10 наурыз; Кәртен Б. Таласқа түскен Шекті Бөгенбай шоқысы // Атажұрт тарихының парақтары. – Ақтөбе: «Ақжар-АБК», 2019. 91-б.;Кәртен Б. Таласқа түскен шекті Бөгенбай бидің шоқысы // https: // adyrna.kz/index.php/ post/52132. – 2020. – 2 қараша; Кәртен Б. Шоқы кімге тиесілі: Бөкенбай батырға ма, әлде Бөгенбай биге ме? // Қазақ әдебиеті. – 2021. – 30 сәуір. – № 18].
Жалпы, Шекті Бөгенбай 1717 жылы қаза тапты деген мәлімет алғаш рет А. Қарақовтыңмақаласында жарияланды. Онда «Қабақ Бөкенбай (XVIII ғасырдың басы – 1717 ж.) шектінің тілеуқабақ руынан шыққан батыр. 1717 жылы Еділ бойынан Жоңғарияға көшкен қалмақтармен ұрыста қаза табады» делінген [Қарақов А. Бөкенбай батыр // Қазақ. – 2010. – 5-12 наурыз. – № 10-11 (471-472)]. Бұл арада мақала терілу кезінде оның қаза тапқан жылындағы соңғы 7 мен 1 санының орны алмасып, 1771 жылдың 1717 жылға өзгеріп кеткенін ескеру қажет. Себебі, біріншіден, XVIII ғасырдың басында дүниеге келген адам 1717 жылға дейін өмір сүрсе, бозбала шағында фәниден өтуі тиіс. Екіншіден, 1717 жылы Еділ бойынан қалмақтар Жоңғарияға көшкен емес. Үшіншіден, халық арасында «Шаңды жорық» деп аталған Еділ бойындағы қалмақтардың Жоңғарияға үдере көшу оқиғасы 1771 жылы жүзеге асты.
Сондықтан А. Қарақов Қабақ БөгенбайдыңXVIII ғасырдың басы мен 1771 жылдың аралығында өмір сүргенін көрсеткісі келген. Мұны нақтылау үшін автордың өзіменхабарласқанымызда (27.05.2024), бұл мәліметті кезінде жазушы, журналист Ө.Ш. Жолымбетовтен(1939-2013) алғанын айтты. (Амантай Қарақұлы – 1946 жылы 28 маусымда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында дүниеге келген. Педагогика ғылымдарының докторы; Өмірзақ Шеріпбайұлы – 1939 жылы 25 қарашада Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл станциясы, Құмсай жұмысшы поселкесінде өмірге келген). Бірақ Бөкенбай шоқысы туралы ешқандай әңгіме қозғалмаған. Кейін қайта сұрап едік(11.11.2024), Амантай ақсақал бұрынғы сөзін қайталап құптады. Ендеше, Шекті Бөгенбай жөнінде Ө.Ш. Жолымбетов арқылы А. Қарақовқажеткен ақпарат О. Әділбаевтың «Бөгенбай батыр атамыздың өмір сүрген уақыты Еділ қалмақтарының қайтқан кезеңіне тура келеді» деген пікірімен толық үндеседі [Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым]. (Оразбай Әділбайұлы – 1937 жылы 20 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауыл советінде дүниеге келген).Демек, ел жадында Шекті Бөгенбайдың 1771 жылғы «қалмақ қашу» кезінде қаза тапқаны сақталған.
Бұл туралы архив деректері не дейді? 1771 жылы 9 сәуірде Нұралы хан Орынбор губернаторы И.А. Рейнсдорпке қашқын қалмақтың соңынан қуып Ырғызға келгенін хабарлаған: «...преследываябеглых калмык уже на речку Иргыз прибыл, а о произшедшем от меня с калмыками сражении и поражении их пред сим к вашемупревосходительству от меня донесено. Ныне же они калмыки перекочевав с тои речки Иргызавверху тои речки находятся, от коль люди нашиежедневно от них калмык языков привозят и так я теперь воожидании отправленного от вас войскастою на тои же речке Иргызе» [ОрОБМА. 3-қ., 1-т., 119-іс, 241-п.; Эпистолярное наследие казахскойправящей элиты 1675-1821 гг. Сборникисторических документов в 2-х томах. Т. 2: Письмаказахских правителей. 1738-1821 гг. / Автор проекта, введения, биографий ханов, научныхкомментариев; составитель и ответственныйредактор И.В. Ерофеева. – Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. с. 199-200].
Осыған орай, Верхояцк қамалынан орыс әскерін немесе башқұрттарды тезірек жіберуді сұраған, өйткені қалмақтар Ырғыздан өтіп, Торғайға көшкен. Көп ұзамай 16 сәуірде Орск бекінісіндегі полковник фон Траубенбергкеқалмақтардың Торғайға жеткенін мәлімдеді [ОрОБМА. 3-қ., 1-т., 119-іс, 357-п.]. Сол күні астрахан мырзасы князь Н. Урусов Астрахан губернаторы Н.А. Бекетовке жолдаған рапортында «Из оных же калмык один улус, вниз по теченихреки Иргиза, разстоянием от нас 25 верстахнаходится» деген еді [ОрОБМА. 3-қ., 1-т., 119-іс, 390-п. е.ж.]. Кейін 30 сәуірде Орынбор губернаторы И.А. Рейнсдорпке жеткен Жаналы сұлтанның хатынан қалмақ халқының бір қанаты Құлақшы Торғайда, келесі бөлігінің Жиделі Мамыт мекенінде орналасқаны белгілі болды [ОрОБМА. 3-қ., 1-т., 120-іс, 8-п. е.ж.].
Қалмақтар Ырғыз бойында қоныстанған екі қазақ ауылына шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға алып, бүкіл малын айдап кеткен. Сол сәтте қазақтар шағын топ құрап, біраз қарсылық көрсеткен. Қалмақтың бір зайсанын қолға түсіріп, көзін жойған. Бірақ, одан әрі қарсы тұра алмаған. Бұл туралы 1771 жылы 9 мамырда Орта жүздегі Сұлтанмәмет (Сұлтанбет) сұлтан Сібір корпусының басшысы С.К. Станиславскийге бүй дейді: «...я получил самое верное известие от кочующих около Ташкинскаго городка от киргисцов о ушедших из вашего подданствавольских калмыках, что оные следованием своимнаходятца около Ташкени на реке, называемойИргизе, где, напав на кочующия две киргискиядеревни, те калмыки разбили, и как людейвзяли в полон, так и весь тех киргисцов скототогнали без остатку к себе. Однако, не оченьбольшая партия собралась тех киргисцов, чинили с ними некоторое супротивление. И захватили ис тех калмык одного зайсанга (коего в тож время до смерти убили), только больше ужепротивиться не могли» [Султаны и батыры Среднего жуза (вторая половина XVIII в.). Сборникдокументов / Составитель Сирик В.А. – Алматы:Литера-М, 2018. с. 231]. Еділ қалмақтары туралыхабар Ташкент төңірегіндегі қазақтардан жеткенімен, тілмаш М. Кучеяров түпнұсқа хатты орысшаға аударуда Ырғыз өзенін Ташкент маңында деп жаңылысқан. Сұлтанмәмет сұлтан Железинскбекінісі маңында болатынын, хатына жауапты сол жерде күтетінін ескерткен.
Тұтқынға түскен қалмақтардың мәліметіне сай, Алшын руының қазағы да қалмақтардың шеткі қоныстағы екі қазақ ауылын талқандап, адамдарын тұтқындап, мал-мүлкімен бірге түк қалдырмай алып кеткенін растады. Содан соң Сұлтанмәметсұлтан 1771 жылы 11 мамырда генерал-майор С.К. Станиславскийге жеткен хатында: «Письмо ваше я сего мая 7 числа получил исправно. В коемизволили напротиво моего уведомления писать о мятежниках вольских калмыках, что они находятцана реке Иргизе, как и мне известно то было. Новчерашнего числа, прибыв ко мне, киргизецобъявил о тех мятежниках вольских калмыках, чтоони намеряютца проитти с той реки Иргиза поТоболу», - деп баяндады [ОрОБМА. 3-қ., 1-т., 114-іс, 407, 413 пп.; Султаны и батыры Среднего жуза(вторая половина XVIII в.). Сборник документов / Составитель Сирик В.А. – Алматы: Литера-М, 2018. с. 233-234].
Бұл құжаттар бойынша қалмақтардың Ырғыз бойындағы қазақтарға шабуыл жасағаны анық. Бірақ нақты қай тұста болғанын дөп басып айту қиын. Ал О. Әділбаев Шекті Бөгенбайдың өліміносы кезбен байланыстырады. Аталмыш шайқастыңоған қатысы бар-жоғын біржақты кесіп айтуғадеректік жазбалар толық мүмкіндік бермесе де, кей тұстарында өзара ұқсастықтары бар сияқты. «Бұл қозғалыс тарихта «Шаңды жорық» деген атын қалдырған, - деп жазды О. Әділбаев. – Қалмақтар өткен жолдарында шапқыншылықпен жергілікті халықпен соғысып, елді тонап, малдарын айдап кетіп отырған. Еділден қайтқан қалмақтармен шайқастың ауыртпалығын Кіші жүз елі тартқан. ...Бөгенбай батыр атамыздың өмір сүрген уақыты Еділ қалмақтарының қайтқан кезеңіне тура келеді. Ол қарттардың айтулары бойынша, бейқам отырған Қабақ елін қайтқан қалмақтар шауып, бір-жар адамдарын өлтіріп, көп малдарын айдап кеткен. «Қалмақтар елді шауып кетті» дегенді хабарды естуімен Бөгенбай інісі (ағасы) Таласбай бастаған шағын топпен жауды артынан қуған... Бөгенбай батыр «Мен жаудан қорқып кейін қайтпаймын, не де болса осы қалмақпен соғысамын» - деп шағын топпен ұрысқа кіріп кеткен... Бөгенбай батыр шамамен 60 жасқа жақындағанда қайтқан қалмақтарменсоғыста Ырғыз маңында қайтыс болған» [Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым].
Ө.Ш. Жолымбетов те «Қабақ Бөгенбай батыр 1771 жылы Еділ бойынан Жоңғарияға көшкен қалмақтармен ұрыста қаза табады» деп жеткізген. Алайда А. Қарақовтың алғашында «Қазақ» газетіне, келесі жылы «Баһадүр батыр Бөкенбай» жинағына басылған «Бөкенбай батыр»мақаласындағы Шекті Бөгенбайдың өмір сүрген уақытына қатысты «XVIII ғасырдың басы – 1717 ж.» деп жаңылыс кеткен мәліметі кейінгі зерттеушілер үшін табан тірер басты дереккеайналды. Оған тереңірек үңіліп, яғни өмірден өткен жылындағы соңғы сандарының орындары ауысып кеткендігіне ешкім мән бермеді [Қарақов А. Бөкенбай батыр // Қазақ. – 2010. – 5-12 наурыз. – № 10-11 (471-472); Қарақов А. Бөкенбай батыр // Баһадүр батыр Бөкенбай. – Ақтөбе: С.Т. Жанәділовбаспаханасы, 2011. 152-153 бб.].
Сол еңбекке сілтеме беру арқылы И.В. Ерофеева Шекті Бөгенбай 1717 жылы бақилық болды дегенімен, XVIII ғасырдың басында дүниеге келгеніне сенімсіздік танытып, сұрақ белгісін қоюмен шектелді [Ерофеева И.В. Рыцарь «званиячести» Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы. – Алматы: Servise Press, 2017. с. 178-179]. Осыдан соң өлкетанушы А. Мухамбетулин де өзініңілгерідегі пікіріне өзгеріс енгізіп, Бөгенбай Жапалақұлы шамамен 1680-1717 жылдары өмір сүрген десе [Мухамбетулин Г. У. Шекті Бөгенбай батыр және Бөгенбай шоқысы // Керек.Info. – 2020. – 15 қазан. – № 41 (709)], кейін оны Г.У. Орынбаевақайталады [Орынбаева Г.У. Шекті Бөгенбай батыр шоқысы туралы // Керек.Info. – 2022. – 24 наурыз. – № 12 (782)]. Біраздан соң Д. Әбенов«Тарихшылардың келтірген деректерінде туған жылы көрсетілмей, тек қайтқан жылы ретінде 1717 жыл деп көрсетіледі. Сондықтан Бөгенбай батырдың өмір сүрген уақытын «XVII ғасырдың екінші жартысы – XVIII ғасырдың басы» деп көрсетілсе жөн болар еді» деген тоқтамға келсе[Әбенов Д. Шекті Бөгенбай батыр туралы деректер // Шалқар. – 2023. – 19 сәуір. – № 18], А. Жұмаділ «40-ты алқымдаған жасында шейіт болғанын» алға тартады. Егер Бөгенбайдың өзі 40 жасында қаза тапса, немересі Қарабек неше жасында соғысып жүр?! Сол кезде «Бөгенбайдың Тінбайдан туған немересі Қарабек деген жас батыр елден қол жинап келіп, қалмақтармен қиян-кескі соғыс жүргізіп, жауды жеңіп, қалмақтар олжалаған малды алып қайтқаны» қисынға келе ме? [Жұмаділ А. Бөкенбай, Бөгенбай... қай Бөгенбай? // Қазақ әдебиеті. – 2023. – 4 тамыз. – № 31]. Осындай қым-қиғаш, айқыш-ұйқыш ой-пікірлерге иек артқан Б. Кәртен де Шекті Бөгенбайды 1717 жылғы шайқаста қаза тапқан деуге мәжбүр болды.
Түйіндеп айтқанда, Шекті Бөгенбайдың өмір сүрген уақыты осы күнге дейін бір ізге түспеген. 1717 жылғы шайқаста қаза тапты дегеннің өзіғылыми негізі жоқ жалған пайым. Қолдан жасалып, ойдан түзілген, қиялдан құрастырылған фальсификация. Сондықтан бөгенбайтанушыавторлардың өздері де «туған, өлген жылдары зерттелуі қажет» екенін ашық мойындайды[Мухамбетулин А., Асан Ж., Қайдаров А. Шекті Бөгенбай батыр // Ана тілі. – 2020. – 5-11 қараша. – № 45 (1565)].
Деректер не дейді?
Шежіре бойынша Қабақтан – Хангелді, Жангелді, Төлес, Аралбай, Беке тарайды. Жангелдіден – Жапалақ, Айдаралы, Рай, алЖапалақтан – Таласбай, Бөгенбай, Құдас өрбиді. Мұны О. Әділбаев пен Б. Кәртен де қайталайды. Олардың пікірінше, Жангелдіден – Айдаралы, Жапалақ, Рай, Жапалақтан – Таласбай, Бөгенбай дүниеге келген [Толыбеков С. Қазақ шежіресі. – Алматы: Қазақстан, 1992. 96-97 бб.; Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1993. 123-124 бб.; Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі (ғылыми дәйектер мен «Ана тілі» газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған). – Алматы: «Ана тілі» апталығы – «Атамұра», 1994. 135-б.; Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Қаракесек бірлестігі (Әлім, Кете, Шөмекей). Т. 13. 4-кітап. – Алматы: «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, 2010. 166, 169, 173 бб.;; Неталиев М. Кіші жүз шежіресі (тарихи-этнографиялық зерттеу). – Алматы: «Абзал-Ай», 2015. 247-248 бб.; https://tumalas.kz/shejire-view-large/; Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым; Әділбаев О., Мұхамбетулин А. Асан Ж. Бөгенбай шоқысы // Ақтөбе. – 2016. – 4 мамыр. https://aqtobegazeti.kz/?p=39214; Мухамбетулин А., Асан Ж., Қайдаров А. Шекті Бөгенбай батыр // Ана тілі. – 2020. – 5-11 қараша. – № 45 (1565); Кәртен Б. Бөгенбай шоқысы мен Айырқызыл құмын кімдер қоныс қылғанын білеміз бе? // Айқын. – 2024. – 30 тамыз; Кәртен Б. 1710 жылғы Қаракесек жиыны: бұрмаланған ақиқаттар // https: //zhasalash.kz/news/1710-zhilgi-karakesek-zhiini-burmalangan-akikattar-694f3c/. – 2024. – 15 қыркүйек; Кәртен Б. Бөкенбайдың батырлығы жалған деректерге құрылған // https://halyqline.kz/ qogam/tarih/boek enbajdyng-batyrlygh y-zhalghan-derekterge-qurylghan/. – 2025. – 7 ақпан].
Демек, Жапалақпен бірге туған Айдаралы – Бөгенбайдың немере ағасы. Ол шектінің биі ретінде архив жазбаларына тіркелген. 1748 жылы 5 қазанда Нұралыны хандыққа бекіту үшін Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларыорыс патшайымы Елизаветаға хат жолдаған. Араб қарпімен түскен түпнұсқа хатқа Бақтыбай би, Мөңке би, Айдаралы би, Есенбай би, Мәметек би және Бәби би мен Бәйімбет батыр шектінің таңбасын басқан (№ 1 сурет). Орысша тәржімағаМойнақ бидің есімі енген (№ 2 сурет) [ОрОБМА. 3-қ., 1-т., 18-іс, 177-п. е.ж., 181-п. е.ж.; Казахско-русские отношения в XVI – XVIII веках (Сборникдокументов и материалов) / Сост.: Ф.Н. Киреев, А.К. Алейникова, Г.И. Семенюк, Т.Ж. Шоинбаев. Под ред. В.Ф. Шахматова, Ф.Н. Киреева, Т.Ж. Шоинбаева. – Алма-Ата: АН КазССР, 1961. с. 410; Исмурзин Ж.А. Алтай батыр және оның заманы. –Ақтөбе: «Хабар-Сервис», 2023. 388, 443 бб.].
Шектінің ұранына шыққан атақты Бақтыбай батыр да Бөгенбайдың немере ағасы. Бөгенбайдың атасы Жангелді мен Бақтыбайдың әкесі Төлес – Қабақтан туған ағалы-інілі бауырлар. Сонда Б. Кәртен айтқандай, Қабақтың шөбересі Бөгенбай Жапалақұлы 1650 жылдың шамасында дүниеге келсе, Қабақтың немерелері Бақтыбай Төлесұлымен Айдаралы Жангелдіұлынан жасының «үлкен»болғаны ма? Шынында олай емес. Өйткені,«Бөгенбайдың әкесі Жапалақпен бірге туған Айдаралы Шектінің атақты билерінің бірі, Бақтыбай, Мөңкелермен қатар тұрған» [Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым; Әділбаев О., Мұхамбетулин А. Асан Ж. Бөгенбай шоқысы // Ақтөбе. – 2016. – 4 мамыр. https://aqtobegazeti.kz/ ?p=39214; Мухамбетулин А., Асан Ж., Қайдаров А. Шекті Бөгенбай батыр // Ана тілі. – 2020. – 5-11 қараша. – № 45 (1565)]. Бұл пікірді архив деректері де растайды. 1753 жылы 25 тамызда Нұралы ханның Орынбор губернаторы И.И. Неплюевке жазған хатында Айдаралы би шекті Мойнақ, Бақтыбай билермен бірге аталады. Кіші жүз ханы Ойыл бойынан жолдаған хатында бүй дейді: «В Меньшойже орде Батыр-салтан, а в Хиве сын ево Гаип-хан учинившись главными, имеют между собою совет скиргискими биями чиклинского Мунаком, Бактыбаем, да Айдаргалеем, да аккитенскогородов Аджибаем, в том, что де им от подданногоРоссийского хана, то есть от меня, никакой пользынет, ибо де из России, по требованию моему не только Бахтыбаев сын, отлагая день от дни по нынене выдан, но еще и Алтаев сын захвачен. Да им де того неминовать, также де и Асабай за каких либотамо дознанных сродников ево и протчие киргисцыза старые дела поиманы б быть не могли» [РИССА. 125-қ., 125/1-т., 1753-1754, 1-іс, 14-14 п. е.ж.; Исмурзин Ж.А. Алтай батыр және оның заманы. – Ақтөбе: «Хабар-Сервис», 2023. 421-б.].
Сол кезеңнің құжаттарында Айдаралы бидің бауыры, Бөгенбайдың әкесі Жапалақ би де кездеседі. 1756 жылы 3 қарашада Нұралы хан Қ. Тевкелевке жазған хатында мырзаның башқұрттар қуып кеткен жылқыларды және бір түйені алшын мен жетіру қазақтарына қайтарғанымен, Табын руынан 1 түйе, Шекті руындағы Жапалақ биден 7 түйе, яғни барлығы 8 түйе жоғалғанын жеткізді. Оның біреуін табындарға бергенімен, қалған жетеуіқайтарылмаған. Мұны Қалдығайты өзені маңынан жолдаған хатында былай түсіндіреді: «Изотогнанных же башкирцами без двух четыресталошадей да одного верблюда и еще дватцать пятьлошадей отдали вы людем нашим нашим, алчинцам и семиродцам: Учану, Асабаю, Юмартуда Тангрикулу. А от всех киргисцов пропаловосемь верблюдов, в том числе один Табынского, а семь, в один раз, Чиклинского роду, от Ябалак-бия, ис которых одного табынцам и отдали, а протчих же семи мы и поныне не получили. А понеже из оных пять верблюдов с лошадьмивидели у вас в Оренбурге возвратившияся людимои Кубяш с товарыщи, токмо их нам отдать не изволите» [РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1756, 5-іс, 1-бөлім, 543-п.]. Осыған орай Нұралы хан Жапалақ бидің түйелерін қайтару үшін оның баласы Таласбайды елшілік құрамына қосып, Орынборға аттандырады. Ол туралы хат соңында «До услугваших послал Аллабердея да Талашбая с кощеемих Киикбаем» деп жазды [РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1756, 5-іс, 1-бөлім, 544-п.]. Кейін Орынбордан оралған елшілер Кіші жүз ханына Қ. Тевкелевтің хатын табыстап, 2 түйе мен 28 жылқы айдап келген. 1756 жылы 17 желтоқсанда Нұралы хан Қ. Тевкелевке «Вашего превосходительства писание я через человека моего Алдабердея исправнополучил... Посланные от вас два верблюда да дватцать восемь лошадей получены» деп мәлімдеді[РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1756, 5-іс, 1-бөлім, 551-551 п. е.ж., 553-п.].
Шекті руындағы Жапалақ бидің есімі 543-парақтың екінші абзацының төменгі тұсында (№ 3сурет), келесі 544-парақтағы мәтін соңындаТаласбай таңбаланған (№ 4 сурет). Көлемі 554 парақтан тұратын Мәскеу қаласындағы осы архив ісін әр жылдары Н. Аполлова (31.08.1955), Бурковский (26.07.1960), П. Матвиевский(07.06.1963), А. Сабырханов (10.12.1963), Г. Семенюк (24.06.1966), К. Хафизова (22.05.1972), Н. Алдабекова (25.09.1986), С. Мадуан (16.04.2001)т.б. тарихшы ғалымдар қарап, құжаттың пайдалану парағына (лист использования документов) аты-жөндерін қалдырған. Жапалақ би мен Таласбайғақатысты Нұралы ханның хаты бұрын қазақ-орыс қатынастарына және қазақ билеушілерінің хаттарына арналған құжаттар жинағында жарық көргенімен бөгенбайтанушы авторлардың назарынан тыс қалған. Жинақтың соңындағыесімдер көрсеткішіне Бөгенбайдың әкесі «Жапалақ – Кіші жүздегі шекті руының биі» деп енген. Ендеше, 2017 жылдан бері осы тақырыпты тұрақтышиырлап келе жатқан Б. Кәртенге бұл деректіңбұрыннан ғылыми айналымда бар екенінескертпесек, өздігінен іздеп табатын түрі жоқ.Өткенді өзгертуге пәрмені жетпейтін жалған,дүбәра долбарын қобыратып қайта-қайта жариялап далақтай бергенше, дилетанттық «интерпретация»арқылы өзіне тән келесі «ақиқатын» анықтау үшін төмендегі сілтемеде беттері толық көрсетілді (№ 5, 6 сурет) [Казахско-русские отношения в XVI – XVIII веках (Сборник документов и материалов) / Сост.: Ф.Н. Киреев, А.К. Алейникова, Г.И. Семенюк, Т.Ж. Шоинбаев. Под ред. В.Ф. Шахматова, Ф.Н. Киреева, Т.Ж. Шоинбаева. – Алма-Ата: АН КазССР, 1961. с. 544-546; Эпистолярное наследие казахской правящей элиты1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах. Т. 2: Письма казахских правителей. 1738-1821 гг. / Автор проекта, введения, биографийханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В. Ерофеева. – Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. с. 67-69, 999]. Ал ұрпақтарына бабалары Жапалақтың шектінің биіретінде жазба дерекке түскен шынайы тарихымен танысудың маңызы зор.
Сонымен 1756 жылғы архив құжатына Шекті қабақ Бөгенбайдың әкесі Жапалақ би мен туғанағасы Таласбайдың аты-жөні тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай анық түскен.Осыдан кейін Б. Кәртеннің 1710 жылғы Қарақұм құрылтайында «алпыстың төңірегіндегі Шекті Бөгенбай батыр екені анық боп тұр!», «1717 жылғы шайқаста Бөгенбай алпыстың орта маңында (65-67) қаза тапқан» деген қырық өтірігі тарихи шындыққа жанаса ма? Әрине жанаспайды. 1650 жылдың шамасында Бөгенбай түгіл әкесі Жапалақ бидің өзі жарық дүние есігін ашқан жоқ. Жалпы, деректің өңін айналдырып теріске шығару арқылы ойдан өрілген өтіріктің ақиқатты анықтаған кезі бар ма?!Әлбетте, жазба құжаттарға мойынсұнбай «әрі не бері сәл-сәл ғана ауытқуымыз мүмкін, бірақ шамамыз – дұрыс» деп айдалаға лағып, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген есекдәмеменсоқталап соға беретін дилетант долбарының мүлдем ғылыми негізі жоқ. Бос сөз. Бүйректен сирақ шығарып, тарихты бұрмалау. Ал ақиқатты адастыруды аңсау – арсыз арамзаның арманы.
Өмірде болмаған 1717 жылғы шайқаста Бөгенбай 65-67 жасында қаза тапса, әкесі Жапалақ би мен ағасы Таласбай қай уақытта туған? Оны енді осы тақырыпқа «тыңнан» түрен салып, тереңінен толғап, тұңғиығына бойлап, оған 8 жыл ғұмырын арнап, «нақты бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп» 13 «мақала» жазған, «ақиқат» пен «шындығын» анықтап «ғылыми жаңалық» ашқан,ізіне түсіп індете ізерлеп жүрген «іргелі» ізденіс жолындағы «шоң зерттеушіден» сұрау керек.Әрине, ойдан құраған өтірігімен ол кезде әлі өмірге келмеген Бөгенбайды «қолынан жетектеп әкеліп»Қарақұм құрылтайына қатыстырып, ел алдында сөз сөйлетіп қойған әуесқой әумесерге сол да әңгімеболып па?! Дилетанттық «интерпретациясын» іске қосып жіберіп, шұғыл түрде келесі ертегісінжанынан шығара салудың қиындығы жоқ. Керісінше, өтірік айтқан адамның шындықтыайтуы қиын.
Иә, қалай десе де, қандай құйтырқылыққа салса да, әкесі мен ағасынан бұрын Бөгенбайдың 1650 жылдың шамасында дүниеге келуі мүмкін емес.Ешқандай логикаға сыймайды. Оны санасының саңылауы бар кез келген пенде түсінеді. Тек өзініңмүддесіне қайшы келетін дәрменді дәйек, дәлелді деректің ешқайсысын соқыр секілді көрмеген,саңырау сияқты естімеген сыңай танытатын Б. Кәртен ғана түсінбейді. Анығында түсінгісі келмейді. Болмысы сондай. Оның осындай«ерекше» болмысын салмақты саралағанөнертанушы К. Қайрулла: «Қазір ойына келгенді айтып, дәлелге тоқтамайтын белсенді надандықтың өрістеп тұрған кезі емес пе? Демек, бұра тартушылардың дәурені жүріп тұр. Бірақ шындықты ту еткен ғылым тұрғанда жалғандықтың бәрібір жеңіске жете алмайтыны, дер кезінде теріс қадамнан бас тартпаса, түптің-түбінде күйрей жеңіліп, айдай әлемге масқара болатыны ақиқат. Ғылымдағы қиянат – түптің-түбінде ашылмай қалмайды», - деп сөздің турасын айтқан еді [Қайрулла К. Жанашырлық па, жалақорлық па? (Б. Кәртен мен Н. Жанамановқажауап) // https://e-history.kz/kz/news/show/. – 2022. – 12 желтоқсан; Жусипов К. Faceebok желісіндегі жазба. – 2022. – 28 желтоқсан].
Иә, жүз дәлел келтірсең де сыңар езуленіп ешсөз ұқпайтын не оған тоқтамайтын, қателігі анықкөрініп тұрса да, өтірігі белгілі болса да ақиқаттымойындамайтын мәңгүрт кейіпке ене салу Б. Кәртен үшін кәдімгі қалыпты жағдай. Үйреншікті үрдіс. Сүйекке сіңген ғадет. Өзінің сөзімен айтсақ, оның «қисынды уәждерге, бұлтартпас айғақтарға тоқтамауының себебі бар: егер шындықты мойындасам елге күлкі боламын, абыройсыздықтақаламын деген жалған намыс жібермейді. Өршеленіп, құйтырқы әрекеттерге көшіп, ақиқатты қабылдамауы – осыдан. Мұның бәрі – қазақтың бойындағы бұрынғы ақиқатқа мойынұсынатын парасаттылықтың, көшеліліктің мүлде жоғалуынан. Иманнан айырудан» еді. Иә, «Өтірік айту адамды иманнан бездіреді».
Міне, сондықтан қалайда Қарақұмқұрылтайына қатыстыру үшін Шекті қабақБөгенбайдың туған жылын дүйім жұрттанұялмастан әдейі бірнеше рет өзгертіп, сол өтірігіне елді сендіру үшін тарихшы ғалымдардыңеңбектерін беталды қаралап, тарихты «бұрмалады» деп негізсіз ойбай-аттанға басуда. Ешқандай дәлелі жоқ дақпыртқа толы алыпқашпа әңгімеден әрі аспаған «ақиқат» пен «шындығы» алдына қойған мақсатына жету үшін ойлап тапқан ертегілері еді.Сол арқылы «өтірік өрге баспайды» деген халық даналығын әсте ұмытып, «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» екенін әлдеқашан есінен шығарған. Белгілі ғалым Б.М. Жүсіповтің «Мұндайда, қазекеңнің қатқылдау айтатын «Сұмырай суға тышады, боғы қалқып шығады!» деген ашқылтымдау сөзі бар. Осыны білген қазақ албаты сөйлемеген. Қай нәрсенің де арқауы нәжіс болса, ақырында түбі су бетіне бір қалқып шықпай қоймайды. Өйткені ол әлгі «сұмырайдың» өніміне тән нәрсе» деген пікірідилетант келбетіне дәл келеді [Жусупов Б. Мифке айналған «Мың бала» // Facebook желісіндегі жазба. – 2021. – 21 маусым]. Ендеше, байыпты байламы, тиянақты тұжырымы, дәйекті дәлелі жоқ дәлдүрішке кезекті қырық өтірігімен, ойданқұраған күлдібадам қиялымен «жаңа» өнімін ойлаптауып, дүниені дүрліктіру сонша қиындық туғызбайды. Бірақ, қанша жерден даурығып,даңғаза қылып, айғай-сүрең салса да, «Қандай да болсын «қызыл сөз» тарихи құжаттың орнын баса алмайды» [Есмағамбетов К.Л. Азат рухтың күрескері. – Алматы: Өркениет, 2003. 163-б.]. Ұлы ойшыл Шәкәрім айтқандай, «Дәлелсіз сөз – соққан жел, ұшқан тозаң, Таза ақылдың алдында жоқ қой құны» [Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер / Құраст. М. Жармұхамедов, С. Дәуітов, (А. Құдайбердиев). – Алматы: Жазушы, 1988. 139-б.].
Егер Қабақ шамамен 1610-1615 жылдары туғандеген О. Әділбаевтың пікіріне ден қойсақ, онда Бөгенбай 1650 жылдың шамасында туған дейтін Б. Кәртеннің қиялы қисынға келе ме? 35-40 жылдыңішінде Қабақ пен баласы Жангелдінің, немересі Жапалақ пен шөбересі Бөгенбайдың дүниеге келуі мүмкін бе? Әрине мүмкін емес. Сондықтан ҚабақБақтыбай ұрпағы Оразбай ақсақал «Қабақтан Жангелді, одан Жапалақ, одан Бөгенбай десек, туған жылы 1700-1705-ке тура келеді» деген [Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым]. АлЖангелдінің ағасы Хангелдінің тұңғышыПұсырман 1665 жылдың шамасында өмірге келсе [Мухамбетулин А. Қарабас батыр // https:// kazgazeta.kz/news/150170. – 2024. – 22 маусым], Бөгенбай өзінің немере ағасы Пұсырманнан 15 жасқа «үлкен» бе?
Сонда кімге сенеміз?! Ойдан шығарған өтірікпен Бөгенбайды өзінің әкесі Жапалақ Жангелдіұлынан, туған ағасы Таласбайдан жәнеаталас немере ағалары Айдаралы Жангелдіұлынан,Бақтыбай Төлесұлынан, ПұсырманХангелдіұлынан біраз уақыт бұрын «дүниеге әкелген» дилетант Б. Кәртенге ме, әлде Қабақұрпақтарына ма? Өз дәуірінде қағазға түсіп қатталған архив құжаттарына ма? Оған қосаБөрекең: «Ұрпақ арасын ғылым бекіткен шартты есептеу бойынша санасақ, Әлім руынан өретін Пұсырманұлы Қарабасты 1687 жылы шамасында дүниеге келген деп болжалдаймыз» [Кәртен Б. Атажұрт тарихының парақтары. – Ақтөбе: «Ақжар-АБК», 2019. 31-б.], - десе, Қарабас батырдыңзәузаты А. Мухамбетулин өз бабасын 1685 жылдың шамасында туған дейді [Мухамбетулин А. Қарабас батыр // https://kazgazeta.kz/news/1501 70. – 2024. – 22 маусым]. Бұл бойынша Бөгенбай Қарабастан 35-37 жастай «үлкен». Егер шежіре деректеріне зер салсақ, Қарабас – Қабақтың үлкені Хангелдінің тұңғышы Пұсырманның баласы, ал Бөгенбай – Жангелдінің Жапалағынан туған Таласбайданкейінгі екінші ұл. Олай болса, өзінің немере ағасынан сонша жасқа үлкен етіп көрсетудің еш қисыны жоқ. 1749 жылы шілдеде Қарабас батырОрынбор маңында Нұралыны хандық таққа бекіткен ұлықтау рәсіміне келген. Кездесубарысында Орынбор әкімшілігі беделді қазақ тұлғаларына сый-сияпат тарту еткен. 15 шілдеде Алшын шекті руындағы Қарабас батырға құны 90 тиын тұратын 4 аршын көк шұға берілген [РИССА.122-қ., 122/1-т., 1749, 4-іс, 178-п. е.ж.; ОрОБМА. 3-қ., 1-т., 22-іс, 103-п. е.ж.].
Қарабастың әкесі Пұсырманның жасы Бөгенбайдың әкесі Жапалақтан да үлкен. Оныұрпақтарына қатысты архив деректері де айғақтайды. 1785 жылы қыркүйекте Жайықтың ар жағындағы Елек қорғанынан 100 шақырым жердегі Жіңішке өзені бойында өткен Кіші жүздегі старшындар жиналысына Шектінің Қабақ бөлімінен біраз беделді тұлғалар қатысады. Кездесуде ант берген 208 атақты старшын, мырза, би, батырлармен бірге Сегізбай би Қалыбекұлы, Құдас би Бақтыбайұлы, Толыбай батыр Қалыбекұлы, Мұхаммет мырза Айдаралыұлы, Дулат мырза Баяуұлы, Қорлыбай батыр Жарасұлы, Досмұхаммет (Досалы) Қарабасұлы, Шоңай(Сарышоңай) мырза Алыбайұлы, БеғұлыҚайыпбердіұлы, Күшікбай Шақатұлы, Боранбай батыр Баяуұлы және Қосай батыр Ізбасарұлы араб қарпімен түскен түпнұсқа хатқа арнаулы жеке мөрлері мен таңбаларын басқан [РИССА. 122-қ., 122/3-т., 1775-1786, 2-іс, 85-п. е.ж., 102-102 п. е.ж.]. Олардың ата-тегі шежіреде былай жіктеледі[https://tu malas.kz/shejire-view-large/]:
1. Қабақ – Хангелді – Пұсырман – Қалыбек – Сегізбай;
2. Қабақ – Төлес – Бақтыбай – Құдас;
3. Қабақ – Хангелді – Пұсырман – Қалыбек – Толыбай;
4. Қабақ – Жангелді – Айдаралы – Мұхаммет(Манақ);
5. Қабақ – Хангелді – Жолдыбай – Баяу – Дулат;
6. Қабақ – Хангелді – Пұсырман – Жарас – Қорлыбай;
7. Қабақ – Хангелді – Пұсырман – Қарабас – Досмұхаммет (Досалы);
8. Қабақ – Хангелді – Пұсырман – Қалыбек – Алыбай – Шоңай;
9. Қабақ – Хангелді – Қайыпберді – Беғұлы(Бегілі);
10. Қабақ – Беке – Шақат – Күшікбай (шежіреге енбеген);
11. Қабақ – Хангелді – Жолдыбай – Баяу – Боранбай;
12. Қабақ – Аралбай – Ізбасар – Қосай.
Сонымен Қабақтың 12 ұрпағының ішінде 5-уі шөбересі, 6-уы шөпшегі, 1-уі неменесі екен. Барлығы Бөгенбайдың аталас ағайыны. Ал оның шежіресі «Қабақ – Жангелді – Жапалақ – Бөгенбай – Тінбай – Қарабек» болып өріледі. Тізім басындағы Қабақ шөпшегі Сегізбай би мен Толыбай батыр Қалыбектен туса, Қорлыбай батыр Жарастан, Досмұхаммет (Досалы) Қарабастан дүниеге келген, яғни Пұсырманның немерелері. Шоңай мырза Алыбайұлы – неменесі. Дулат мырзамен Боранбай батыр – Баяудың балалары, Жолдыбай немерелері. Бұл арқылы Хангелді әулеті Қабақтың үлкені саналады. Жиынға қатысқан беделді 12 тұлғаның 8-і тікелей Хангелді тұқымы, соның 5-уі Пұсырман үрімі. Олар қоғамдық-саяси өмірде көзге түсіп, әулеттегі сол үрдіс жалғасын тапқан. Жарас мерген жайлы мақаласында т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтар: «Қарақұм кеңесінде осы маңды мекендеген шекті Пұсырманнан өрген ұрпақтар бірауыздан қазақ жауларына қарсы бірлесу ұранын қолдап, Әбілқайыр хан мен табын Бөкенбайды өздеріне басшы қылып сайлады», - деп анықтайды [Мұқтар Ә.Қ. Тарих айдынындағы тұлғалар. Ғылыми мақалалар жинағы. 2-ші кітап. – Алматы: Арыс, 2013. 145-б.]. Кәсіби тарихшының бұл тұжырымы дилетант долбарын жоққа шығарады. Қабақ ұрпақтарына біраз мақалаарнаған белгілі ғалым Қарақұм кеңесіне қатысты «Жазбаны мұқият сараласақ, әңгіме Табын Бөкенбай туралы болғандығын аңғару қиын емес»дейді [Мұқтар Ә. Бөкенбай батыр туралы не білеміз? // Ана тілі. – 2008. – 14 наурыз; Мұқтар Ә. Бөкенбай батыр // Алтын Орда. – 2008. – 1-7 мамыр; Мұқтар Ә. Бөкенбай батыр туралы не білеміз? // Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (XVIIІ-ХІХ ғғ.). Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Арыс, 2008. 45-б.; Мұқтар Ә. Бөкенбай батыр // Баһадүр батыр Бөкенбай. – Ақтөбе: С.Т. Жанәділовбаспаханасы, 2011. 55-б.].
Қабақтың Хангелдіден тараған шөберелерімен салыстырғанда, Төлес, Жангелді, Беке, Аралбайдан өрген шөберелері жастары жағынан кіші болу керек. Себебі, Қалыбек, Қарабас деген Пұсырманның ұлдары XVII ғасырдың соңында өмірге келсе, 1785 жылғы жиынға қатысқан Құдас би Бақтыбайұлы, Мұхаммет мырза Айдаралыұлы, Күшікбай Шақатұлы және Қосай батырІзбасарұлының дүниеге келуі XVIII ғасырдыңбасынан әрі аспауы тиіс. Осы соңғыларыБөгенбайдың замандастары. Мұхаммет Айдаралыұлы сияқты Бөгенбай да Жангелдінің немересі, Қабақтың шөбересі (Қабақ – Жангелді – Жапалақ – Бөгенбай). Өйткені, Жапалақ би мен Айдаралы би – Жангелдіден туған. Бөгенбайдың әкесі Жапалақ би мен ағасы Таласбайды Нұралы хан 1756 жылы 3 қарашада Қ. Тевкелевке жазған хатында атап өтеді. Әкесінің түйелерін қайтару үшін Таласбай Орынборға аттанған. Сол тұста Бақтыбай батырдың балалары да ел істеріне араласқан. Үлкен ұлы Асан батыр (Қабақ – Төлес – Бақтыбай – Асан) Хиуаға орыс керуенін бастап барып, қайтар жолда қаза тапқан. Бұл хабарды орыс әкімшілігі 1750 жылы 2 сәуірде Нұралы ханның А.И. Тевкелевке жазған және 14 мамырда Бопай ханымнан губернатор И.И. Неплюевке жеткен хаттары арқылы естіді. Бақтыбайдың келесі ұлы Құдас батыр 1751 жылы 25 маусымда Нұралы хан мен Ералы сұлтанның хатын ОрынбордағыА.И. Тевкелевке жеткізді. Кейін 1759 жылы 9 шілдеде Нұралы хан Орынбор губернаторы А.Р. Давыдовқа немере інісі Қарабас сұлтанмен біргеБақтыбай бидің баласы Құдас батырды жіберді.Олар архив деректеріне «Асан батыр Бақтыбайұлы», «Құдас батыр Бақтыбайұлы» деп тіркелген. Демек, Бақтыбайдың бойындағы батырлық қасиет балаларына дарыған. Әкесі секілді жасы ұлғая келе Құдас та би атағын иеленді[РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1750, 3-іс, 99-п.; РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1751, 3-іс, 160-п. е.ж., 255-п. е.ж.; РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1756, 5-іс, 1-бөлім, 543-544 пп.; РМКАА. 248-қ., 113-т., 1455-іс, 7а-п.; РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1759, 4-іс, 320-п.; Эпистолярноенаследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах / Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В. Ерофеева. – Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. Т. 1. с. 227; Т. 2. с. 30, 95, 207; Мұқтар Ә. Ахметова Ұ., Ахмет А. Өлке тұлғалары тарихынан (XVIII – ХІХ ғғ.). – Алматы: Арыс, 2020. 62-63 бб.].
Б. Кәртеннің бөскеніне сенсең, Бөгенбайдың жасы бабасы Қабақтың бауыры Тілеудің ұлыМөңке биден 25 жас «үлкен». Ал Мөңке би 1675-1756 жылдары өмір сүрген дейді. Ол 1748 жылы 5 қазанда Нұралыны хандыққа бекіту үшін Бақтыбай, Айдаралы т.б. билермен бірге Елизавета патшайымға хат жолдаған. Кейін 1797 жылы 12 тамызда Кіші жүздің хан тағына Қаратай сұлтанды ұсынған шектінің 17 би, батыр, старшын, мырзаларымен бірге Орынбор шекаралық істер экспедициясына жазған түпнұсқа хатқа Тұрлыбай Мөңкеұлы шектінің таңбасын басқан [ОрОБМА. 5-қ., 1-т., 63-іс, 109-п.]. Олай болса, Бөгенбай қаза табатын «1717 жылғы шайқаста» баласы Тінбайдың жасы 40-тың төңірегінде, немересі Қарабектің жасы 20-ның шамасында деген ертегісіешқандай қисынға келмейді. Себебі, Тінбайдың1677 жылдың тұсында, Қарабектің 1697 жылдың маңында, яғни 1756 жылғы құжатқа түскенБөгенбайдың ағасы Таласбайдан бұрын дүниеге келуі мүмкін емес. Бір ғасырда 3-4 буын ұрпақалмасатынын ескерсек, XVII ғасырда 6 буын ұрпақтың (Қабақ – Жангелді – Жапалақ – Бөгенбай – Тінбай – Қарабек) өмірге келуі шындықтан шалғай. Егер «шамамыз дұрыс» дейтін Б. Кәртеннің дәлдүріне салсаң, онда Қарабектентараған 6-7 буын ұрпақ ХІХ ғасырдың соңына дейін, әрі кеткенде ХХ ғасырдың басына дейін ғана өмір сүрген болып шығады. Алайда қазіргі таңдаҚарабектің белінен өрбіген үрім-бұтағы өмір сүруде. Олар шежіреге «Бөгенбай – Тінбай – Қарабек – Өмірзақ – Нұржан – Әбдірахман – Сәрсенқали – Еркебұлан – Расул, Әли» деп енген.
Б. Кәртеннің қиялына сай, Тінбай 1677 жылдыңшамасында туған. Онда шежіре бойынша Бөгенбайдың үлкен ұлы Дербісәлі өз інісі Тінбайдан бұрын дүниеге келуі тиіс. Соған сәйкес, Дербісәлінің баласы Рысбек XVII ғасырдың соңында өмірге келмек. Осы ретпен Рысбектің ұлыҚалдығұл, немересі Қыдырқұл, шөбересі АлдоңғарXVIIІ ғасырда туған болып шығады. Бірақ, Бөрекеңнің есебіне салып бұлай саралау Бөгенбай ұрпақтарының өмір сүру кезеңімен қабыспайды.Өйткені Алдоңғар 1896-1975 жылдары ғұмыр кешкен [Кәртен Б. 1710 жылғы Қаракесек жиыны: бұрмаланған ақиқаттар // https: //zhasalash.kz/news/1710-zhilgi-karakesek-zhiini-burmalangan-akikattar-694f3c/. – 2024. – 15 қыркүйек; Кәртен Б. Бөкенбайдың батырлығы жалған деректерге құрылған // https:// halyqline.kz/qogam/tarih/boek enbajdyng-batyrlyghy-zhalghan -derekterge-qurylghan/. – 2025. – 7 ақпан.].Сондықтан, Алдоңғар және оның әкесі Қыдырқұл,атасы Қалдығұл – XІХ ғасырда, ал бабаларыРысбек, Дербісәлі, Бөгенбай – XVIIІ ғасырда туған десе жөнге келеді. Алдоңғардан өрген Есенқара(1932-1997), оның ұлы Берік (1960) және Беріктің балаларын қосқанда ХХ ғасырда 3 буын ұрпақдүниеге келген. Шежіресі «Қабақ – Жангелді – Жапалақ – Бөгенбай – Дербісәлі – Рысбек – Қалдығұл – Қыдырқұл – Алдоңғар – Есенқара – Берік» деп таралады.
Бөгенбайдан бастап санағанда 6-шы буын ұрпағы Алдоңғар 1896 жылы туған. Әр ұрпақ арасын орташа 28,5-30 жылдан есептеп, оны 6-ға көбейтсек 180 шығады (30х6=180). Енді 1896 жылдан 180-ді алсақ 1716 жылдың маңына (1896-180=1716) барады, одан 30 жылды алсаң 1686 жылдың шамасына келеді. Бұл арқылы Жапалақ бидің XVIІ ғасырдың соңында, ал баласы Бөгенбайдың XVIIІ ғасырдың басында (бірінші ширегінде) туғанын топшылауға болады. Мұны О. Әділбаевтың пікірі де қуаттайды. Оның пайымдауынша, «Бөгенбай батырдың шамамен туған уақыты 1700-1705 жылдарға, ал өлген уақыты 1755-1760 жылдарға сәйкес келеді.Шамамен 60 жасқа жақындағанда қайтқан.Бөгенбай батыр атамыздың өмір сүрген уақыты Еділ қалмақтарының қайтқан кезеңіне тура келеді. Бұл қозғалыс тарихта «Шаңды жорық» деген атын қалдырған» [Әділбаев О. Шектінің Бөгенбай батыры // Шежірелі өлке. – 2006. – 29 маусым].Егер 1771 жылғы «Шаңды жорық» тұсындаБөгенбай 55-60 жастың шамасында қаза тапса, онда 1711-1716 жылдардың төңірегінде немесе сәлкейінірек дүниеге келуі мүмкін. Бұл ойымызды әкесі Жапалақ би мен ағасы Таласбайға қатысты1756 жылғы архив құжаты одан әрі бекіте түседі[РИССА. 122-қ., 122/1-т., 1756, 5-іс, 1-бөлім, 543-544 пп.].
Демек, Шекті Бөгенбайдың 1710 жылы Қарақұм құрылтайына қатысып, 1717 жылғы шайқаста 65-67 жасында қаза тапқан деген қисынсыз қиялдар «бөгенбайтанушы білгіштің»ойлап тапқан ертегісі еді. Сондықтан «Таласқа түскен шоқы мен 1710 жылғы Қаракесек жиыны», «1710 жылғы Қаракесек жиыны: бұрмаланған ақиқаттар» т.б. дүмбілез дүниесінің бәрі өтірікпен өрілген. Өзі айтқандай, «Ғылымның талаптары мен шарттарынан хабары бар, зерттеп отырған тақырыбының иісі мұрнына баратын адам бұлай атүсті қарамас еді, жан-жақты талдап, анық-қанығына әбден көз жеткізіп, әрекет етсе керек-ті. Бірақ өйтпеген» [Бөрі Қартпанбет немересі //Facebook желісіндегі жазба. – 2023. – 25 қаңтар].Ал өзi бiлмейтiннiң бәрiн жоққа шығару, білмейтін нәрсесіне үкім айту – надан адамға тән. Өйткеніөзгеге ақыл айтуға келгенде ағыл-тегіл «білімі»асып-тасып жататын Б. Кәртен өзінің шалағай шатпағында ғылымның талабын мүлдемескермейді. Егерде тарихтың әдіснамасын білсе, Бөгенбайдың дүниеге келген кезін өз мүддесіне сәйкес бірнеше рет өзгертіп, қағазға қатталып, архивте сақталып, бүгінге жеткен жазба деректердібелден басып бұрмалап, бірбеткейлікке жол беріп, өзімбілемдікпен өктемсіп, өрекпіп өршеленбей, еліріп екіленбей, ертеңгі күні ел-жұрттың алдындаөз өтірігінің арты ашылатынын ойлар еді. Тек өтірікші ғана өзінің сөзін «дәлелді» ету үшіносындай қулық-сұмдықты ойлап табады. Ислам білгірі ибн Хажар: «Өтірік – бір оқиға туралы біле тұрып, оны теріс түсіндіру» дейді. Өтіріктің басты көзі – тынымсыздық пен ызақорлық болса, «өтірік»дертіне өзін қатты жақсы көретін, ашушаң және қызғаншақ адамдар жиі шалдығады екен[Қайратұлы Б. Өтірік айту үлкен күнә! // https:// vk.com/wall-63914845_9893. – 2014. – 4 қараша;Өтірікті аңғару оңай емес // https://massaget.kz/psihologiya/otrkt-angaru-onay-emes-54902/. – 2018. – 11 қараша].
Түйіндеп айтқанда, дилетант ертегісініңешқандай қисыны жоқ. Белгілі зерттеуші С. Қондыбай осындай авторлардың өз жанынан жалған «айғақтар» қосу арқылы «артық қыламын деп тыртық қылатын» немесе «бояушы-бояушы дегенге сақалын бояпты» демекші, өтірік ақпар беріп, тым асырып жіберуге әуестенушілікке ауып кететінін байқаған. Сол себепті «Нақты кісінің туған-өлген жылдарын анықтаудағы «еркін шығармашылық» нәтижесінде тарихи тұлғалардың өмір сүру уақыттарында шатасу туындайды. Қатарлас тұлғалардың өмір жасы бір-бірінен алшақтап кетеді, арғы атасы мен шөбересі қатарлас болып шығады» деген кемшіліктерінің негізгі белгілері Б. Кәртеннің де «шындықпен шыланғаншедеврлеріне» тән еді [Қондыбай С. Толық шығармалар жинағы. 7-т. Маңғыстау-нама. – Алматы: Арыс, 2008. 113-114 бб.].
Қалай десек те, тарихи деректер «1717 жылғы шайқаста Бөгенбайдың 65-67 жасында қаза тауып, баласы Тінбайдың 40 жас төңірегінде, немересі Қарабектің 20 жас шамасында болған» деген қырық өтірігін қанша жерден шындыққа санаса да ақиқат ауылынан мүлдем алшақ екенін айқындайды. Ол «Шаңды жорық» оқиғасы өткен 1771 жылдыңсоңғы сандарының орындары жаңылыс алмасып кетуіне байланысты басылымдарда кеткен қателіктердің негізінде қалыптасқан жалған пайым.Оның үстіне 1756 жылғы архив құжатында әкесі Жапалақ би мен ағасы Таласбайдың анық көрініс табуы, Б. Кәртеннің ойдан құраған қисынсызқиялымен Шекті Бөгенбай Жапалақұлын Қарақұм құрылтайымен байланыстырып келген «ақиқат» пен «шындығын», «нақты бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп жазған» ертегі-мифтерін түбегейлі жоққа шығарады. Мұны ақ пен қараны айыра алатын көзі ашық, көкірегі ояу, санасы сергек, парасаттыоқырманның барлығы да түсінері хақ.
Сондықтан тарих ғылымының методологиялық принциптеріне сай кез келген тұлғаның тарихынтану үшін оның өмір сүрген заманы, әлеуметтік-саяси ортасы, ата-бабасы, ағайын-туыстары мен ұрпақтары т.б. анықтап, оларды өзара салыстырып, жан-жақты саралау қажет. Ал өз өтірігіне өзі илану арқылы «әрі не бері сәл-сәл ғана ауытқуымыз мүмкін, бірақ шамамыз – дұрыс» дейтін дәлдүрішдилетант үшін «екі қойың бір сом».
№ 1 сурет. 1748 жылы 5 қазанда Нұралыны хандыққа бекіту үшін Ресей патшайымы Елизаветаға жолдаған түпнұсқа хатқа Бақтыбай, Мөңке билермен бірге Айдаралы би шектінің таңбасын басқан [Орынбор облысының біріккен мемлекеттік архиві. 3-қ., 1-т., 18-іс, 181-п .е.ж.].
№ 2 сурет. 1748 жылы 5 қазанда Нұралыны хандыққа бекіту үшін Ресей патшайымы Елизаветаға жолдаған хаттың орысша аудармасында Бақтыбай, Мөңке билермен қатар Айдаралы бидің есімі тіркелген [Орынбор облысының біріккен мемлекеттік архиві. 3-қ., 1-т., 18-іс, 177-п. е.ж.].
№ 3 сурет. 1756 жылы 3 қарашада Нұралы ханның Қ. Тевкелевке жазған хатының орыс тіліндегі аудармасында Шекті руындағы Жапалақ бидің аты-жөні «Чиклинсого роду от Ябалак бия» деп жазылған [Ресей империясының Сыртқы саясат архиві. 122-қ., 122/1-т., 1756, 5-іс, 1-бөлім, 543-п.].
№ 4 сурет. 1756 жылы 3 қарашада Нұралы ханның Қ. Тевкелевке жазған хатының орыс тіліндегі аудармасында Шекті руындағы Жапалақ бидің ұлы Таласбайдың есім-сойы «Талашбая» деп таңбаланған [Ресей империясының Сыртқы саясат архиві. 122-қ., 122/1-т., 1756, 5-іс, 1-бөлім, 544-п.].
№ 5 сурет. 1756 жылы 3 қарашада Нұралы ханның Қ. Тевкелевке жазған хатының орысша аудармасында Шекті руындағы Жапалақ бидің аты-жөні «Чиклинсого роду от Ябалак бия» деп берілген [Казахско-русские отношения в XVI – XVIII веках (Сборник документов и материалов) / Сост.: Ф.Н. Киреев, А.К. Алейникова, Г.И. Семенюк, Т.Ж. Шоинбаев. – Алма-Ата: АН КазССР, 1961. с. 545].
№ 6 сурет. 1756 жылы 3 қарашада Нұралы ханның Қ. Тевкелевке жазған хатының орысша аудармасында Жапалақ бидің ұлы Таласбайдың есім-сойы «Талашбая» деп келтірілген [Казахско-русские отношения в XVI – XVIII веках (Сборник документов и материалов) / Сост.: Ф.Н. Киреев, А.К. Алейникова, Г.И. Семенюк, Т.Ж. Шоинбаев. – Алма-Ата: АН КазССР, 1961. с. 546].
(Жалғасы бар)
Жәнібек Исмурзин,
тарих ғылымдарының кандидаты
Орал қаласы