Алматыдағы Дженнифер Лопес концертінен қанша табыс түсті?

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Шоу-бизнес
1390

Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің үлкен шоу-концертінен қанша ақша түскені белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Шетелдік әншінің концертіне 27 мың көрермен қатысты, оның ішінде 35 елден келген 7 мың шетелдік қонақ болған. 

Экономикалық тиімділік те жоғары көрсеткішке жетті:
 • 10 млрд теңгеден астам айналым;
 • шамамен 600 млн теңге салық түсті;
 • концерт күні Алматыда шетелдік туристердің өзі 5 млрд теңгеден астам қаржы қалдырды.

Дженнифер Лопес тобы концерттің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Әншінің турының бас режиссері мен техникалық директоры Григорий Антропов Алматыдағы дайындық жұмыстары барлық қаланың ішінде ең үздігі болғанын атап өтті. 

Мұндай ірі мәдени іс-шаралар Алматының туристік тартымдылығын арттырып, қаланың әлемдік гастрольдер картасындағы маңызды нүкте ретіндегі мәртебесін нығайтады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...